Абай облысының тумасы, кәсіпкер Руслан Саметеев аудандық жедел медициналық жәрдем станциясына құны 25 миллион теңге тұратын заманауи серверлік жүйе мен әрқайсы 1 миллион теңге болатын 10 ЭКГ құрылғысын сыйлады, деп хабарлайды Tura18.kz.
Бұл тартуын кәсіпкер ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай туған жеріне жасаған мерейтойлы сыйы деп атады.
Мамандарыдң айтуынша, бұл игі іс өңірдегі денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға зор үлес қосады.
Сервер жүйесі медициналық деректерді қауіпсіз әрі жедел өңдеуге мүмкіндік берсе, жаңа ЭКГ құрылғылары тұрғындарға көрсетілетін жедел жәрдем сапасын арттыруға септігін тигізбек.
Аймақ басшысы Берік Уәли Руслан Саметеевке алғыс білдіріп, туған жеріне деген мұндай қамқорлық елге үлгі болатын игі іс екенін атап өтті.

















