Биылғы республикалық Astana Media Week 2025 медиафорум «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» тақырыбында өтіп, отандық және шетелдік медиа саласының мамандарын, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйым өкілдерін бір алаңға тоғыстырды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Үш күнге жоспарланған шара аясында медиаэтика, деректі фильм түсіру, жасанды интеллекті журналистикада қолдану, имидж қалыптастыру, цифрлық коммуникациялар, дата-журналистика және кәсіби біліктілікті арттыру бағыттарында пленарлық және панельдік пікірталастар, баяндамалар, питчинг-жобалар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
Форум спикерлері қатарында Euronews, Anadolu Agency, TRT Avaz Kanal, «Хабар», «Qazaqstan», Atameken Business, NUR.KZ сияқты жетекші медиа ұйымдардың өкілдерімен қатар, Өзбекстан, Түркия және Еуропадан келген сарапшылар бар.
Елордада өтіп жатқан алқалы жиынға Абай облысынан құрамында 20-дан астам мүшесі бар делегация қатысып отыр. Олардың қатарында Көкпекті ауданынан журналист Гүлім Ерланқызы да бар.

















