Көкпекті аудандық ауруханасында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Медицина мекемесінің кіребісі мен баспалдағы жаңартылды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Сонымен қатар ғимараттың есік-терезелер тазартылып, мемлекеттік рәміздер орнатылды. Жаңартылған кіреберіс тобының арқасында жедел жәрдем көліктері енді тікелей қабылдау бөлімі есігінің алдына дейін кедергісіз жете алады. Бұл – медициналық көмектің жылдам әрі тиімді көрсетілуіне мүмкіндік береді.
Қазір ғимараттың сыртқы қасбетін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қасбетті жаңарту 15 тамызда аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жүргізіліп жатқан барлық жұмыс тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

















