Аягөз қаласында өңір үшін маңызды инфрақұрылымдық нысан – жаңа қосалқы станция пайдалануға берілді, деп хабарлайды Tura18.kz.
Жоба шеңберінде бұрын 110 кВт кернеумен жұмыс істеген электр желілерінің қуаты 220 кВт-қа дейін арттырылды. Бұл электрмен жабдықтау жүйесінің өткізу қабілетін ұлғайтып, сенімділігін күшейтуге мүмкіндік берді. Жаңадан іске қосылған қосалқы станция Аягөз қаласын, Мақаншы және Үржар аудандарын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов қатысып, нысанның инвестициялық тартымдылықты арттырып, өнеркәсіп кәсіпорындарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.

















