Абай облысы білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен келіп, білім саласының жетекші мамандары мен басшыларымен маңызды кездесу өткізді, деп хабарлайды Tura18.kz.
Жиында білім беру саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, олардың оңтайлы шешімдерін табу бағытында тың ұсыныстар айтылды. Талқылауға түскен негізгі мәселелер қатарында Көкпекті ауданы мектептерінің білім сапасын арттыру, шағын жинақты мектептер желісінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын зерделеу, дарынды оқушыларға арналған «Алтын белгі» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы және әлеуметтік қолдау шараларын қамтитын «Әлеуметтік әмиян» жобасы бар.
Бұл кездесудің маңызы – білім беру жүйесінің сапасын көтеру, ауданның оқушылар мен ұстаздарына жағдай жасау, әрі келешек ұрпаққа білімнің берік негізін қалау.

















