Семейдің іргесіндегі Бобровка саяжайының тұрғындары кезекті сенбілікке шығып, аумақты тазартты. Ұйымшылдық танытқан жұрт жолдарды қоқыстан арылтып, айналаны ретке келтірді, деп хабарлайды Tura18.kz.

Іс-шара барысында жол жиектері мен ортақ пайдаланылатын аумақтар толықтай тазартылып, жиналған қоқыс арнайы белгіленген орындарға шығарылды. Сенбіліктің басты мақсаты – тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыру.
Тазалық өзімізге керек. Осы саяжайда өзіміз тұрамыз. Демек қоқыс тастайтын да өзіміз, сырттан келіп ешкім бұл жерде ластап кетпейді ғой. Сондықтан әр адам тазалыққа атсалысып, ортақ іске жұдырықтай жұмылғаны дұрыс, — деді Бобровка саяжайы тұрғындары.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тазалық акциясы алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, саяжай аумағын абаттандыру жұмысы жалғасын табады.














