24 қарашада «Абай Арена» паркетінде бұрын-соңды болмаған ауқымды спорт мерекесі өтеді. УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында жергілікті «Семей» мен «Пьяст» кездеседі, деп хабарлайды Tura18.kz.
Бұл күні алаң иелері Семейдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның намысын қорғайды. Футзал кешінде ойыншыларға жанкүйерлердің шексіз қолдауы ауадай қажет. Атмосфера Еуропаға дейін жетуге тиіс.
Билеттер Ticketon сайтында сатылып жатыр, бағасы 1500 теңгеден басталады. Матч 24 қараша күні 20.00-де «Абай Аренада» өтеді.

















