• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 18 апреля, 2026
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

Redaktor
15.04.2026, 14:35
Аймақ тынысы, Жаңалықтар, Медицина
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

1
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасының материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Облыс әкімі Берік Уәли медициналық мекемеге барып, жаңа жабдықтардың жұмысымен және аурухана бөлімдерінің қызметімен танысты, деп хабарлайды Tura18.kz.

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ауруханада ангиографиялық операциялар жасайтын жаңа заманауи зал іске қосылды. Мұнда халықаралық стандарттарға сай «Philips Azurion 5 M20» аппараты орнатылған. Бұл құрылғы инсульттің ишемиялық және геморрагиялық түрлері, сондай-ақ миокард инфарктісі сияқты аса күрделі диагноздар кезінде жоғары дәлдікпен хирургиялық араласу жасауға мүмкіндік береді.

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру нәтижесінде гибридті операциялық блок толық жабдықталған. Енді бір бөлімде екі ангиографиялық жүйе қатар жұмыс істей алады. Мамандардың айтуынша, бұл шұғыл жағдайдағы пациенттерге жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге айтарлықтай ықпал етеді.

Аурухана бас дәрігері Ерсін Сәбитов жаңа жабдықтың маңызын атап өтті.

Мұндай заманауи ангиограф біздің облыста бұрын болмаған. Өңірлік бюджет есебінен алынған бұл жоғары технологиялы құрылғы жедел медициналық көмек сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деді ол.

Облыс әкімі аурухана базасындағы «Диабет мектебінің» жұмысымен де танысты. Бағдарлама қант диабетімен ауыратын науқастар мен олардың туыстарына арналған. Мұнда пациенттерге ауруды бақылау, дұрыс тамақтану, дәрі-дәрмекті дұрыс қолдану және асқынулардың алдын алу бойынша жүйелі білім беріледі.

Сондай-ақ Берік Уәли пациенттерді қолдау орталығында, гематология бөлімшесінде болып, дәрігерлермен пікір алмасты. Ол зертханалық жұмыстарға арналған заманауи құрылғылардың, соның ішінде ламинарлы шкафтың жұмысын көрді. Бұл жабдық зерттеу жүргізу кезінде стерильді ортаны қамтамасыз етіп, медициналық талдаулардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аурухана ғимаратындағы шатырды күрделі жөндеу жұмыстары да назарға алынды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының 60 пайызы аяқталған. Аймақ басшысы мердігер ұйымдарға жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Көпбейінді стационар ретінде жұмыс істейтін бұл аурухана 375 төсек-орынға арналған. Мұнда тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Құрылымында инсульт орталығы, кардиология, нейрохирургия, эндокринология, гематология және басқа да маңызды бөлімшелер бар.

Мекемеде 1024 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 149 дәрігер және 433 орта буын медицина қызметкері бар. Жыл сайын мұнда шамамен 39 мың науқас қабылданып, 18 мыңға жуық адам стационарлық ем алады. Сонымен қатар 12 операциялық зал жұмыс істеп, жылына 9 мыңға жуық күрделі ота жасалады.

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі өңірдің денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.

Жыл басында Семей қаласындағы жедел жәрдем стансасына 10 санитарлық автокөліктің кілтін табыстадық. Былтыр 100 санитарлық көлік сатып алынды, оның басым бөлігі жедел жәрдем стансасы мен аудандық медициналық ұйымдарға бөлінді. Биыл қыркүйекке дейін бұл көліктер толық жеткізіледі. Жалпы, 2025 жылы денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын жаңартуға 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады, – деді Берік Уәли.

Жалпы алғанда, аурухананың жаңғыртылуы өңір тұрғындарына көрсетілетін жедел және жоғары технологиялы медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Тегтер: Tura18Абай облысыБерік Уәлиденсаулық сақтаумедицинаСемей

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Облыс әкімі өңір тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырып, бейнеүндеу жариялады
Аймақ тынысы

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12
Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды
Аймақ тынысы

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05
Абай облысында демографиялық өсім байқалады
Аймақ тынысы

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26
Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады
Аймақ тынысы

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31
Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды
Аймақ тынысы

Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды

15.04.2026, 14:47
Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?
Аймақ тынысы

Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

14.04.2026, 16:46

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31

Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды

15.04.2026, 14:47

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35

Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

14.04.2026, 16:46

Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

13.04.2026, 16:47

Шүлбі су қоймасынан су жіберіледі

13.04.2026, 16:29

Абай облысында ірі кен орны ашылып, 1800 жаңа жұмыс орны құрылады

13.04.2026, 12:51

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Облыс әкімі өңір тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырып, бейнеүндеу жариялады

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12
Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05
Абай облысында демографиялық өсім байқалады

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26
Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35
Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 69

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2025. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған