• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
07.10.2026, 05:51
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

Инвестиция, инфрақұрылым және руханият үндестігі: Жармадағы жарқын істер

Redaktor
27.07.2025, 17:37
Аймақ тынысы, Жаңалықтар
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

11
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Жарма ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Сапар барысында ол әлеуметтік нысандарды аралап, ауыл шаруашылығы құрылымдарының жұмысын көріп, тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар Қарамола тарихи мекеніне барып, шипажай жұмысына да назар аударды, деп хабарлайды Tura18.kz.

Шуақтағы қазандық жөнделеді

Қалбатау ауылында өткен кездесу барысында облыс басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев 2024–2025 жылдарға жоспарланған жобалар туралы баяндады.

Облыста өңірлік өнім көлемі 3,2 трлн теңгеге жетіп, 4,3%-ға артқан. Инвестиция көлемі 575,4 млрд теңгеге жетіп отыр, оның ішінде 436,4 млрд теңге – жеке инвестициялар. Ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салалары негізгі бағыт ретінде айқындалған.

Ауданның инфрақұрылым саласында бірқатар түйткілді мәселелер бар. Облыс бойынша жылу желілерінің 59,4%-ы тозған болса, Жармада бұл көрсеткіш 68,6% деңгейінде. Биыл Шуақ ауылындағы жылу қазандығы мен желілерін жөндеуге қаржы бөлінген.

Ауызсу мәселесін шешу мақсатында Қалбатау мен Жаңғызтөбе ауылдарында су жүйелері жаңартылып жатыр. Сұлусарыға су тарту жобасы қайта дайындалады.

Аудан бойынша 20 шақырымнан астам жол жөнделмек. Оның ішінде Жаңғызтөбе – Жарық бағыты мен Қалбатау, Үшбиік ауылдарының көшелері бар.

Қалбатауда мектеп, стадион, бассейн салынады

Ауданның 15 мектебінде ағымдағы жөндеу басталған, жеті мектеп жаңа пән кабинеттерімен жабдықталады. Қалбатаудағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа білім ордасы салынбақ.

Денсаулық сақтау саласында да жаңғыру жұмыстары жүріп жатыр. Қапай батыр ауылындағы медициналық пунктке жөндеу жүргізілсе, Шар қаласындағы аурухана мен санитарлық автокөлік паркін жаңарту жоспары бар.

Қалбатау ауылында стадион мен бассейннің құрылысы басталды. Жаңғызтөбеде спорт модулі салынып жатыр. Шар қаласының мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді, аудандық мәдениет үйіне музыкалық жабдықтар сатып алынбақ.

«Нұркелдінің» өнімі Қытайға жөнелтіліп жатыр

Аймақ басшысы Мұхтар Тойқылды басқаратын «Нұркелді» шаруашылығына барып, агроөндірістің жұмысымен танысты. Шаруашылық 2000 гектар алқапты игеріп отыр. Оның 800 гектарына тамшылатып суару технологиясы енгізілген.

Шаруашылықта құрама жем өндіретін зауыт іске қосылып, өнім Қытайға экспортталады. Мұнда 35 адам тұрақты жұмыс істейді, маусымдық жұмыс кезінде жұмысшылар саны 100-ге дейін артады.

Кәсіпкер алдағы уақытта жер көлемін 5000 гектарға дейін ұлғайтуды және май зауыты салуды жоспарлап отыр. Облыс басшысы бұл бастамаға қолдау білдірді.

Жас балуандар жарап тұр

Қалбатау ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір онда 1300-ге жуық бала жаттығады. Барлығы тоғыз спорт түрінен 43 жаттықтырушы жұмыс істейді. Ғимарат халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Берік Уәли спорттағы жетістіктерді арттыру қажеттігін айтып, жаттықтырушыларды белсенді жұмыс істеуге шақырды.

«Жарма Арасан» жаңа деңгейге көтеріледі

Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапары аясында «Жарма Арасан» шипажайының жағдайымен танысты. Санаторийде тірек-қимыл жүйесі мен жүйке ауруларын емдеуге арналған қызметтер ұсынылады. Бір маусымда 700 адамға дейін ем қабылдайды.

Кәсіпкер кешенді жаңарту үшін 150 млн теңге инвестиция салуға дайын. Аймақ басшысы шипажайды дамытуға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Қарамола: Абайдың құқықтық мұрасын жаңғырту

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қарамола тарихи мекеніне барды. Бұл жерде 1885 жылы Абай Құнанбайұлы төбе би ретінде қатысқан билер съезі өткен. Абай жазған «Қарамола ережесі» – қазақ тарихындағы алғашқы жазбаша құқықтық құжаттардың бірі.

Берік Уәли бұл тарихи мұраны кеңінен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Абай – тек ақын емес, реформатор-заңгер. Оның құқықтық қызметін де тереңірек таныстыру қажет, – деді облыс әкімі.

1 ден 9
- +
Тегтер: Tura18

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған