• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 18 апреля, 2026
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа
  • Билік және қоғам
    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

Қалбатаудың Қалиханы

Redaktor
11.09.2025, 11:38
Аймақ тынысы, Жаңалықтар, Өнер мен мәдениет
Фото: Tura18.kz

Фото: Tura18.kz

57
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Сегіз қырлы, бір сырлы ерекше талант иесі, жыр жүйрігі, айтыстың ақтаңгері, ақпа-төкпе ақын, шежіре атаулының асқан білгірі, этнограф, ұлттық фольклор мен әдебиет зерттеушісі, қаламы мұқалып көрмеген журналист, қажырлы қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қалихан Алтынбаев есімі өз Отанында ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағы мен Қытай, Монғолия елдеріне мәшһүр болды десек, еш қателеспейміз.

Ол халықтың асыл мұрасы – фольклор мен ауыз әдебиеті туындыларын жалықпай жинап, көздің қарашығындай сақтап жеткізген шынайы жанашырларының ең көрнектілерінің бірі ретінде кеңінен танылды. Бұл сөзімізге көрнекті ғалым, әдебиет сыншысы, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Есмағамбет Ысмайыловтың «Қалихан жазып та шығаратын,  қолма-қол суырып та айтатын жалынды жас талант. Қалиханның ақындық өнер үлгісі Исаны еске түсіреді» деп республикалық үлкен айтыста суырылып шыққан хас жүйрікке кезінде берген әділ бағасы куә болса керек. Елге алғаш рет танылған жас ақынды жыр дүлдүлі Исаға ұқсатқан атақты ғалым Қалиханның жыр жолдарынан оттың, ойдың ұшқынын көре білген.

1967 жылы ұлы жазушы, академик Мұхтар Әуезовтың 70 жылдық мерейтойына тойына қатысқан Өзбектан, Қырғызстан, Түркменстан және Тәжікстан ақын-жазушылары сол үлкен іс-шара кезіндегі жыр сайысында топ жарған Қалихан ақын жайында өздерінің әдеби басылымдарында ерекше атап өткен болатын. Мәселен, қырғыздың белгілі ақыны, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Қуанышбек Маликов Қалиханның сол тойға арнаған өлеңін өз ана тіліне аударып жариялатқанда: «Қазақ ырчылары ичинде ен төкмеси Қалихан Алтынбаев болушту. Ол өзундун оттуу жамақтарун жүрегунун чогуна орап таштап-таштап жиберучу» деп жоғары баға берген болатын.

Ақын Қалихан Алтынбаев 1927 жылы Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданындағы  Жарық ауылдық округының Малай ауылында дүниеге келген. Бала жасынан ақындық өнерге ден қойған жас өренге  ата-анасының ерекше әсер еткені айқын. Әкесі Қалиасқар домбырашы, өлеңші, шежіреші адам болған. Ал анасы Сағила – атақты халық ақыны Сапарғали Әлімбетовтың жақын қарындасы.  Ол кісі тумысынан ерекше жан, ел ішінде атақты емші, сонымен бірге сөзге шешен, ақындығы да бар адам екен. Құмалақ ашып, көрегендік болжамдар айтатын да қасиеті болыпты. Соған қарағанда жас Қалиханды ақындық жолға түсуіне бата берген өз нағашысы Сапарғали болуы да әбден мүмкін.

Атасы немересінің есімін Алаш көсемі Әлиханның құрметіне қойғанымен кейін ұлт зиялылары қуғын-сүргінге ұшырағанда баланың болашағын ойлап, Қалихан деп өзгертіпті. Қалай болғанмен де елеулі есімнің игі ықпалы болса керек, Қалихан да ұлт көшбасшысы Әлихан сияқты халқына адал қызмет етіп, үлкен қайраткер дәрежесіне көтерілді, алаш арманын әспеттеп, елінің абыройын асқақтатты.

Ежелден әнге арқау, жырға желі болған сал-серілер ордасы, Алаш астанасы Семейдің Ертіс өңірінде бұрынғы және бүгінгі айтыс ақыны туралы сөз бола қалса, Қалихан есімі әрқашан ерекше ілтипатпен айтылатыны анық. Көптеген таланттар сияқты ол да осынау қиын да қызығы мол өнер жолына ерте түсті. Оның ең алғаш өлең жазуға ойы кеткен кезі Ақжал мектебінің бесінші сыныбында оқып жүрген шағы.

1947 жылдың қысында Жарма ауданының ұжымшарлары арасында ақындар айтысы өткізілді. Сол айтыста «Еңбекші» ұжымшары атынан Қалихан Алтынбаев, «Қызыл жұлдыз» ұжымшары атынан Көсембек Байқұттыұлы сөз сайысына түсті. Зал толы халық. Айтыс десе делебесі қозатын жұртшылық көп жиналыпты. Сахнада орта бойлы шағын денелі, ақсұр өңді, шоқша сақалды Көсембек Байқұттыұлы мен қаршыға қимылды жас ақын Қалихан Алтынбаев. Қалихан өз шаруашылығының жер-суын мақтай жөнеліп, қарсыласына кезек бергенде ол ұжымшар бастығының кемшілігін сынға алып, айтыс көрігін қыздырып, тәжірибелілігін байқатады.

Осы өнер сайысынан соң Қ.Алтынбаев айтыс қағысына өздігінен мықтап дайындала бастайды. Қандай да болмасын таланттың тәрбиеленуі үшін оған бапкер керек. Мәселен, әйгілі жыр алыбы Жамбылдың өзі:

Менің пірім Сүйінбай,

Сөз сөйлеймін сыйынбай, — дейтін өлеңін қалың ел шетінен біледі ғой. Осындай қалыптасқан дәстүрге назар аударатын болсақ, Қалиханның ақындық өнерге құлаш ұрған шағы – Ертіс өңіріндегі саңлақ айтыс ақындарының, гаухар сөз шеберлерінің өндірте шығармашылық қызмет істеп жүрген кезеңіне тұспа-тұс келеді. Ол халық ақындары Нұрлыбек Баймұратовтан, Төлеу Көбдіковтен, өз нағашысы Сапарғали Әлімбетовтен, Тәңірберген Әміреновтен, тағы басқа жыр майталмандарынан көп өнеге алып, сөз нақышын үйренді.

Жасынан ән мен жырдың ортасында өскен Қалиханның ақындық жолға түсуіне тікелей әсер еткен нағашысы Сапарғали Әлімбетов пен Төлеу Көбдіков. Семейдің қос дүлдүл ақынының жас талантқа тигізген игі әсері 1942 жылы тамызда айқын байқалды. Сол жолы Қалихан екі ақынның жанына еріп, Шыңғыстау, Аякөз, Шұбартау аудандарының бірнеше ауылдарын аралап, үлкен шабытпен оралады.

Иә, өнер жолы сан тарау, мұнда әр талант өзіндік дара сипатымен абырой биігіне көтерілмек. Алғаш рет Қалихан Қ.Байқұттыұлымен айтысып, ел ішінде бала ақын атанса, оны алда тағы да айтыскерлік сындар күтіп тұрды. Оның алғашқысы 1957 жылғы ақындардың республикалық айтысы. Мұнда ол бірден көтеріліп, даусын кенеп айтатын дауылпаз ақын Тәңірберген Әміреновпен жыр сайысына шықты. Осы жолы Қалихан айтыс шымылдығын ашты деуге болады.

Екі ақынның бұл айтысы сол жолы республикалық екінші сыйлық алды. 1961 жылы Өзбекстанның «Шарқ юлдузы» («Таң шолпаны») журналында өзбек тіліне аударылып басылады.

1960 жылы Қалихан Қазақ КСР-інің құрылғанына 40 жыл толу мерекесі құрметіне облыс орталығы – Семейде ақсуаттық ақын Заманбек Оразаевпен айтысқа түсті. Бұл айтыс орыс ақыны Василий Копытиннің аудармасымен сол кездегі республикалық «Ленинская смена» газетінде жарық көрді.

Ақындардың айтыскерлік сайысында көпшілік назарын өзіне аударып, сыннан сүрінбей өтіп жүрген Қалихан бұл кезде тек аталмыш салада ғана емес, лирикалық өлең, әсіресе толғаулар жазумен шұғылданады. Бұл ретте оның «Жасасын Жамбыл ата», «Біздің Семей осындай», «Қазақстан» деген толғаулары топ алдында жоғары баға алды.

 Облыс, аудандарда айтыса жүріп мол тәжірибе жинаған ол 1961 жылы республикалық айтыс сахнасына алғаш шығып, атақтары жер жарған Кенен, Қалқа, Үмбетәлі, Нұрлыбек секілді айтыс тарландарымен тізе қағыстыра отырып, талдықорғандық Әбікен Сарыбаевпен жыр сайысына түседі. Айтысты қорытқан классик жазушы Ғабит Мүсірепов: «Көпшілікке – Қалихан мен Әбікен екеуі де сіздердің баршаларыңызға ұнады ғой деймін?! Маған да ұнады», – деп әрі сауал, әрі жауап бере бұларға сын көзбен қарағанда, Қалихан өзінің бергенінен беретіні көп екенін түсінген еді. Тек түсініп қойған жоқ, бұдан былай халқына өрелі өлең жолдарын сыйлай бастады. Жүрек түкпірінен төгіліп шыққан жыр шумақтарының шымыр да ширақ, әсерлі де әсем болуына жіті көңіл бөлді.

Өзі алғаш қатысқан сол республикалық айтыста жетісулық атақты айтыс ақыны Қалқа Жапсарбаевпен кездесіп, ақындық өнер, айтыс туралы әңгіме-дүкен құрады. Сонда семейлік жас Қалиханның өнеріне де оң баға берілгенде қадірменді қарт  Қалқа жырау: «Зор дауысты әншілік немесе шебер күйшілік өз алдына, ал мына Қалиханның сөзі, төрт аяғы тең түседі. Қайткенмен Абай аулының баласы ғой», – деп үлкен ілтипат білдірген екен.

Айтыс ақыны болу кім көрінгеннің еншісіне тиіп, маңдайына жазыла бермейтін ерекше бақыт, ерекше қасиет екенін жыр жампозы Қалиханның отыздан астам айтысқа қатысып, сол жыр сайыстарының көпшілігінде жеңімпаз атанған, ол айтыстардың он екісі республикалық, ал қалғандары аудандық, облыстық сөз сайыстары еді. Осы жыр жарыстарында ол Жарма, Көкпекті аудандарының атынан, ал республикалық айтыста Семей облысының намысын қорғап, айтыскерлік өнерін дүйім көпшілікке кеңінен танытты. Сол өнер сапарында жеңілген кездерін де, жеңіле отырып жеңгенін де өзі пір тұтқан Арқаның ақберен ақындары Жанақ, Сабырбай, Түбек сияқты іштей мойындаған алай-дүлей сезім сергелдеңіне түскені, арқалы ақынның аузын баққан сыншы қауымның әрдайым ризалығын алып, құрмет, қошеметіне бөленуі нақтылы дәлел болса керек.

Сөз реті келгенде ақынның ерекше бір талант қасиеті туралы айтуға тұрарлық  жағдай: көптеген халық ақындарына тән өнердің синкреттік түрі Қалихан бойынан да табылды. Ол – ақын ілезде өз жанынан суырып салып шығарған өлеңін домбырамен сүйемелдеуші және өз әнімен орындаушы, ұзақ жырларды жырлап орындаған жыршы да болды.

Қалихан ақиық ақын ғана емес, филолог, этнограф ғалым ретінде ел есінде қалды. Оның ұлттық мәдениет тарихы, Абай мен Мұхтар, белгілі ақындар мен жыраулар туралы, қазақтың атбегілік, балуандық өнері туралы, байырғы жер-су атаулары туралы ғылыми-көпшілік, этнографиялық, топонимикалық мақалалары, қазақ тіліне байланысты ұшқыр ойлары, ру-тайпалар туралы шежірелері аудандық, облыстық, республикалық баспасөз бетінде жарияланып, қалың оқырман ықыласына бөленген еді.

Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының штаттан тыс тілшісі ретінде Қ.Алтынбаев тиянақты зерттеулер жүргізді. Бұл ретте ол кезінде Мұхтар Әуезов таңқалып жазған,  Аякөз дуаны бойынша «Сыбанның он жеті ақыны» деген атпен әйгілі болған сол он жеті ақынның есімін ғылыми түрде анықтады. Семей өңірінде ғұмыр кешкен Нұрғали Түнқатаров, Ақшолақ Қауланов, Құсайын Көнекбаев сияқты ақындар өмірінен деректер жинады, 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысына қатысқан Мүрсәлім Бектенұлының өмірін зерттеп, оның «Туған жермен қоштасу» дастанын республика ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасы қорына табыс етті. Біржан-Сара айтысында Сара сыйынатын Жылтыр Бақайұлының, тарбағатайлық Жанұзақ ақынның өмірі туралы тың мәліметтер де сұңғыла зерттеуші Қалихан зердесінде тоқылды.

Жарма ауданының Ортабұлақ ауылы маңындағы ХҮІІІ ғасырдың даңқты батыры, қолбасшы Керей ер Жәнібек Бердәулетұлының зиратына ескерткіш белгіні белгілі қоғам қайраткері. жазушы Әшімбек Бектасов орнатқанда ол кісіге тарихи деректерді де берген Қалихан Алтынбаев болатын.

Айтыс өнерінің қызығы мен қиындығын молынан көрген Қ.Алтынбаев шығармашылығы белгілі әдебиет сыншыларының, зерттеушілерінің назарынан тыс қалған жоқ. Мәселен, көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, академик Мұхамеджан Қаратаев «Әдебиет және эстетика», «Көргендер мен көңілдегілер» атты еңбектерінде, фольклортанушы-ғалымдар, филология ғылымының кандидаты Тұрлыбек Сыдықов «Фольклор мен эстетика», филология ғылымының докторы, профессор Сұлтанғали Садырбаев «Айтыс өнері» деген зерттеулерінде  Қалиханның ақындық талантына, шығармаларына оң баға берді. Жерлес ақын апасы, Қазақ ССР-нің халық жазушысы, филология ғылымының докторы Тұрсынхан Әбдірахманова «Талантты тани білейік» деп Қалихан шығармашылығына мақала арнаса, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, жазушы Әзілхан Нұршайықов Мұхтар мен Сәбит туралы жазған «Екі естелік» кітабының соңғы тарауында талантты жерлес інісі жөнінде пайымды пікірлер айтты.

Қалиханның айтыстары кезінде «Ақындар жыры» (1963), «Жамбыл және халық поэзиясы» (1975), «Қазақтың қазіргі халық поэзиясы» (1976) жинақтарына басылып шықса, 1963 жылы «Айқас» дастаны мен біраз өлеңдері «Дала-бесік» деген атаумен, ал «Қиял қанатында» деген жинағы 1985 жылы жарық көрген еді. Еліміз тәуелсіздік алған кезде 1997 жылы «Қалбатау» атты таңдамалы жинағы, ақын өмірден өткеннен кейін 2009 жылы Қалихан Алтынбаев шығармашылығы туралы кандидаттық диссертация қорғаған жас ғалым Құралай Төлебаеваның құрастыруымен ақтаңгер ақын шығармашылығымен толық таныстыратын шығармалар жинағы оқырмандарға жол тартты. Ол қалың көпшілік құмарта оқып, оқырман іздеп оқитын туындыларға айналған «Ақсуат», «Көкпекті» атты тарихи-танымдық зерттеу кітаптарын да жазып қалдырды.

1984 жылы Семей мен Жамбыл облыстары ақындары арасында өткен айтыста белгілі бір тақырып бойынша жыр сайысында қарсы жақтың ақыны үлесіне «Үш бәйтерек» тақырыбы тигенде мүдіріп қалған оның кезегін өзіне сұрап алған зерек те зерделі Қалихан бұл тақырыптың сол жылы 90 жылдығы кеңінен тойланған қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі Сәкен, Ілияс, Бейімбетке тиесілі екендігін дөп басып, қолма-қол суырып салып айтқан «Үш бәйтерек» деген өлеңі сол кездегі алып кәсіпорын – Алматы мақта-мата комбинатының зәулім мәдениет сарайына лық толған халықтың ұзаққа созылған қол соғуымен үлкен қошаметке бөленгені, содан кейін іле-шала көпшіліктің сұрауымен баспасөз бетінде жарияланып, ел аузынан түспейтін аңызға айналып кеткені шындық.

Жыр жүйрігі Қалихан 1990 жылы маусымда Алматыда ұйымдастырылған республикалық ақындар айтысына соңғы рет қатысты және әділетсіз өткен бұл жыр сайысынан көңілі қатты қалып, өзінің бірбеткей, тік мінезіне тән қалыппен жасөспірім шағынан жан серігі болған айтысқа қатысуды біржолата доғарды, бірақ ежелгі ақындық өнерді насихаттаудан әсте танған жоқ, Семей өңірінде өткен көптеген ақындар айтыстарының шымылдығын ашып, төрелік жасаған кездері де болды. Ол осылай айтыс өнеріне адалдығын танытты.

Бүкіл саналы ғұмырын ақындыққа арнап, ерекше қабілеттілігімен, сыршыл сезімталдығымен, ойының өрістілігімен, тілінің өткірлігімен дараланған жыр тарланы сонау 1961 жылы Алматыда өткен айтыстан кейін сол кездегі «Балдырған» журналының бас редакторы, атақты ақын Мұзафар Әлімбаев Қалиханды журналға шақырып, қызметке де алдырған еді. Амал нешік, үй тұрмысына байланысты Алматыда тұрақтай алмай, қинала еліне қайтты. Атамекенге қайтып оралу оған тың шабыт сыйлап, шығармашылық биік асуларға бастады. Қырық жылға уақыт бойы Көкпекті аудандық «Жұлдыз» газетінде жемісті қызмет етіп, ақындық, ғалымдық қырларын кеңінен танытты.

Кешегі жыр алыптары Жамбыл, Нұрлыбек, Төлеу, Сапарғали  дәстүрін жалғастырушы сырлы сөз сарбазы Қалихан Алтынбаев:

Қария мың жасаған Қалбам менің

Қойныңда жүрсем болды көңілім хош, – деп өмір бойы өзінің туған қасиетті өлкесі – Қалбасын жырлап өтіп, Қалбатаудың Қалиханы атанды. Ол осылай ел жадында халқының сүйікті ақыны болып қала береді.

                                                                              Серікқазы Қорабай,

                                                              Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

                                                          әдебиеттанушы, профессор

Тегтер: Абай облысыКөкпекті ауданыҚалихан АлтынбаевӨнерруханият

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Облыс әкімі өңір тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырып, бейнеүндеу жариялады
Аймақ тынысы

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12
Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды
Аймақ тынысы

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05
Абай облысында демографиялық өсім байқалады
Аймақ тынысы

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26
Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады
Аймақ тынысы

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31
Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды
Аймақ тынысы

Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды

15.04.2026, 14:47
Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды
Аймақ тынысы

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31

Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды

15.04.2026, 14:47

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35

Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

14.04.2026, 16:46

Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

13.04.2026, 16:47

Шүлбі су қоймасынан су жіберіледі

13.04.2026, 16:29

Абай облысында ірі кен орны ашылып, 1800 жаңа жұмыс орны құрылады

13.04.2026, 12:51

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Облыс әкімі өңір тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырып, бейнеүндеу жариялады

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12
Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05
Абай облысында демографиялық өсім байқалады

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26
Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35
Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 69

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2025. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған