Ертең, 18 сәуірде Семей қаласында Ақтөбе облысының мәдени күндері өтеді. Осы айтулы күнге орай Абай атындағы театрда «Алтын бесік Ақтөбеден – Ұлы Абайға құрмет» атты шығармашылық концерт болады, деп хабарлайды Tura18.kz.
Ақтөбе өңірінің өнерпаздары өздерінің арнайы дайындап әкелген концерттік бағдарламасын ұсынады. Кеште ұлттық өнер мен заманауи шығармашылықтың үйлесімі көрініс тауып, көрерменге ерекше әсер сыйламақ. Шараның мақсаты – өңіраралық мәдени байланысты нығайту және ұлттық өнерді кеңінен насихаттау.
Концерт 18 сәуір күні сағат 17.00-де басталады, Кіру тегін.


















