Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Жеті қазына» ұлттық мәдениет, спорт және туризм фестивалі аясында Абай ауданының орталық Қарауылтөбе ипподромында «Ер жігіт» облыстық ашық байқауы өтеді. Оған Көкпекті ауданынан көпаршы Ерлан Әзімбай қатысады, еп хабарлайды Tura18.kz.
Тамыздың 8-і күні өтетін сайысқа Ерлан өзінің көкпарға мінетін «Қырғыз» атты тұлпарымен 2 тамыз күні аттанды. Ерлан Қалбатауға дейін автокөлік жолының жиегімен барып, ары қара Жаңғызтөбе арқылы қыр жолмен Қарауыл бағытына тартпақ. Көкпектіден Қарауылға дейін атпен баруға ол төрт күнін арнап отыр. Ерлан Әзімбай бұған дейін Көкпектіде өткен «Толағай сұлтаны» сайысының аудандық және облыстық кезеңдеріне қатысқан.
«Ер жігіт» облыстық ашық сайысына республика көлемінде 18-35 жас аралығындағы ат құлағында ойнайтын жігіттер қатысады. Бағдарламада теңге алу, қазақ күресі, қой көтеру, өнер, білім сайыстары және тағы басқа бәсекелер бар.
Бұл дүбірлі додаға Абай ауданы бірінші орынға жеті бас жылқы, екінші орынға бес бас жылқы, үшінші орынға үш бас жылқы (екі жүлде) тігіп отыр.
Көкпекті ауданының намысын қорғап аттанған Ерлан Әзімбайға сәттілік пен табыс тілейміз!

















