2025 жылғы 27—31 тамыз аралығында Семей қаласының «Абай арена» спорт кешенінде Абай облысы әкімінің кубогы үшін бокстан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Tura18.kz.
Дүбірлі бокс кешіне Австралия, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қазақстанның үздік былғары қолғап шеберлері қатысады.
Бұл турнир еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің күнтізбелік жоспарына және Қазақстан бокс федерациясының ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Бокс бәсекесі кәсіби деңгейде, олимпиадалық форматта өтеді. Жалпы жүлде қоры – 10 000 000 теңге. Бас демеуші — Beles Holding компаниясы.
Әмір Бек

















