Көкпекті ауданының әкімі лауазымына төрт кандидат тіркелді. Олардың үшеуі өзін-өзі ұсынса, бір кандидат саяси додаға Amanat партиясы атынан түсіп отыр, деп хабарлайды Tura18.kz.
Сайлауға түсетін кандидаттар:
Аққазин Ахмет Асетұлы — Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары (1968 жылы туған, өзін-өзі ұсынды);
Оспанов Дулат Мұратұлы — Көкпекті аудандық статистика бөлімінің басшысы (1980 жылы туған, өзін-өзі ұсынды);
Қошқарбаев Нұрбек Тұрсынқанұлы — Бесқарағай ауданының әкімі (1979 жылы туған, Amanat партиясының атынан);
Сұлтанова Айнұр Оралқызы — Жаңасемей ауданы әкімінің аппарат басшысы (1979 жылы туған, өзін-өзі ұсынды);

















