Көкпекті ауданының білікті ұстазы Әлия Серікқалиқызы білім мен тәрбие беру ісіндегі елеулі еңбегі үшін “Ыбырай Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Бүгінгі таңда елімізде 400 мыңнан астам мұғалім еңбек етеді. Олардың арасында шынайы мықтылығын танытып, педагог-шебер атанғандар сирек. Қазақстан бойынша шеберлігін мойындатқан аса мықты ұстаздардың бірі – Көкпекті ауданының Көкжайық орта мектебінде қызмет істейтін Әлия Баямбаева.
Көкжайық орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейтін Әлия Серікқалиқызы жуырда өткен мұғалімдер күніне арналған облыстық жиында жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеудегі елеулі табысы үшін “Ы. Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды. Құрметті марапатты аймақ басшысы Берік Уәли табыс етті.

















