Семей қаласында өткен Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған ауыл спорты ойындары нда Көкпекті ауданының командасы жақсы нәтижесі көрсетті, деп хабарлайды Tura18.kz.
Бұл дүбірлі бәсекеде Көкпектінің намысын қорғаған ұл-қыздар әр спорт түрінен жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда, волейболдан қыздар командасы ІІІ орынды иеленсе, ерлер ІІ орынды еншіледі.
Сол сияқты үздік ойын өрнегін көрсеткен көкпектілік көкпаршылар жүлделі ІІ орынды иеленді.
Ұлттық спорттың төресі – cадақ атудан Көкпекті құрамасы жалпыкомандалық есепте І орынға табан тіреді.
Естеріңізге сала кетейік, жарысқа облыстың барлық аудандарынан сайдың тасындай іріктелген мыңға жуық саңлақ қатысып, үш күн бойы ұлттық және командалық спорт түрлері бойынша өзара бақ сынады. Қатысушылар үстел теннисі, тоғызқұмалақ, Президенттік көпсайыс, қазақ күресі, волейбол, шағын футбол, асық ату, гір көтеру, қол күресі, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек, аламан бәйге, топ бәйге сынды 16 спорт түрінен сайыс өтті.
Әмір Бек

















