Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қыс маусымында көлік жолдарын күтіп ұстау, көшелерді қардан тазарту мәселелері бойынша жиын өткізді. Оған жауапты сала мамандары, мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Tura18.kz.
Шаһар басшысы осыған дейін арнайы техникаларды тексеру кезінде мердігер ұйымдарға қысқы маусымға дайындық сын көтермейтінін ескерткен-ді. Осы сын-ескертпелер негізінде мердігер компания жолдарды қардан тазалау жұмыстарына арналған 10-ға жуық жаңа арнайы техниканы сатып алды. Кездесу барысында Әділет Қожанбаев қыс мезгілінде жолдардың қауіпсіздігі мен қала тазалығы бірінші кезекте тұрған міндет екенін атап өтіп, барлық жұмыстың үйлесімді орындалуын тікелей өзі қатаң бақылауға алатынын жеткізді.
Ертең халық сұраса міне деп көрсететін техникамыз болуы керек. Олардың бәрі сақадай сай тұрсын, – деді Әділет Қожанбаев

















