Марат Теміржанов Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Марат Капарұлы Теміржанов 1972 жылдың 1 қаңтарында Көкпекті ауданының Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Семей мемлекеттік университетін «Зоотехния» мамандығы бойынша, ал 2009 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Көкпекті ауданының Үлгілімалшы совхозында ветеринариялық техник болып бастаған. Әр жылдары «Аббат» ЖШС-де, телекоммуникация саласында, ауыл шаруашылығы мен қаржы ұйымдарында еңбек еткен.
2006–2009 жылдары Көкпекті ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, 2009–2010 жылдары Белағаш ауылдық округінің әкімі, 2010–2015 жылдары Көкпекті ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы, 2015–2025 жылдары Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2025 жылдың ақпан айынан бастап Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2025 жылдың 18 тамызынан бастап Марат Теміржанов Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

















