Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли Көкпекті ауданында жұмыс сапарымен жүр, деп хабарлайды Tura18.kz.
Сапар аясында аймақ басшысы халықпен кездесу өткізіп, аудандағы кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелерді аралайды. Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуде облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ салалық басқарма басшылары көкпектіліктерді қабылдап, әртүрлі мәселелер бойынша бағыт-бағдар, кеңестер беруде.

















