• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
06.10.2026, 19:31
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

Ойшілік ауылында заманауи спорт кешені ашылды — Абай облысы

Redaktor
05.06.2026, 15:59
Аймақ тынысы, Аудан айнасы, Жаңалықтар, Спорт
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

2
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Абай облысының Ақсуат ауданында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Осы мақсаттағы маңызды жобалардың бірі – Ойшілік ауылында салынған жаңа спорт кешені. Заманауи талаптарға сай бой көтерген нысан ауыл тұрғындарының спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік жасап қана қоймай, өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға тың серпін бермек, деп хабарлайды Tura18.kz порталы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 ден 10
- +

Жаңа спорт кешенінің ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде бұқаралық спортты дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Спорт кешенінің жалпы аумағы — 1200 шаршы метр. Нысанның ішінде әмбебап спорт залы, жаттығу залы, күрес залы, медициналық кабинет, әкімшілік және тұрмыстық бөлмелер орналасқан. Мұнда волейбол, баскетбол, шағын футбол, фитнес және күрес секілді спорт түрлерімен жүйелі айналысуға барлық жағдай жасалған. Бір мезетте 46 адамды қабылдай алатын кешен ауыл тұрғындары үшін спортпен шұғылданудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмалары өңірде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Баршаңызды жаңа спорт кешенінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз», – деп атап өткен болатын. Бүгін пайдалануға беріліп отырған спорт кешені – осы мемлекеттік саясаттың өңірімізде жүйелі жүзеге асып жатқандығының айқын дәлелі, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы соңғы уақытта Ақсуат ауданында әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалар қарқынды іске асырылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бір жыл бұрын тұрғындарға уәде етілген нысандар кезең-кезеңімен пайдалануға беріле бастады.

Биыл аудан бойынша қатарынан екі спорт нысаны ел игілігіне ұсынылды. Оның алғашқысы ақпан айында Екпін ауылында ашылса, енді міне, Ойшілікте заманауи денешынықтыру-сауықтыру кешені жұмысын бастады.

Жаңа спорт кешені тек Ойшілік ауылының ғана емес, маңайдағы елді мекендердің тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Жалпы алғанда 1200-ге жуық тұрғын спортпен тұрақты айналысу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар кешен аумағында футбол және баскетбол алаңдары қарастырылған.

Мамандардың айтуынша, нысанның техникалық мүмкіндіктері аудандық деңгейдегі ғана емес, облыстық жарыстарды өткізуге де толықтай сәйкес келеді. Бұл өз кезегінде ауыл спортын дамытуға және жас таланттардың кәсіби тұрғыда шыңдалуына жол ашады.

Жаңа спорт кешені жастарға жол ашып, ауданымыздан республикалық және халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын чемпиондардың шығуына септігін тигізсін, – деді Берік Уәли.

Жобаны жүзеге асыру барысында қауіпсіздік пен қолжетімділік мәселелеріне ерекше назар аударылған. Ғимарат заманауи өрт дабылы жүйесімен, бейнебақылау құрылғыларымен, жарықтандыру және инженерлік желілермен жабдықталған. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін қозғалуына жағдай жасау мақсатында арнайы пандустар орнатылған.

Спорт кешенінің аумағы толықтай абаттандырылып, көгалдандырылған. Мұнда жаяу жүргіншілер жолдары төселіп, демалыс аймақтары жасақталған. Сондай-ақ жарықтандыру жүйелері, велосипед тұрағы және шағын сәулеттік нысандар орнатылып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы орта қалыптастырылған.

Сарапшылардың пікірінше, ауылдық жерлерде осындай спорт нысандарының салынуы тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұндай кешендер ауыл спортының дамуына ықпал етіп, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге негіз қалайды.

Айта кетейік, спорт кешенінің ашылуына орай Ойшілік ауылында волейболдан «OISHILIK CUP» облыстық турнирі ұйымдастырылды. Додаға облыстың әр өңірінен келген 8 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнир жаңа спорт нысанының ашылуына арналған алғашқы ірі спорттық шаралардың бірі болды.

Осылайша, Ойшілік ауылында пайдалануға берілген жаңа спорт кешені өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамыту жолындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалануда. Ауыл тұрғындары үшін қолжетімді әрі заманауи спорт орталығының ашылуы бұқаралық спорттың дамуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруға тың серпін беретіні сөзсіз.

Тегтер: Tura18Абай облысыАқсуат ауданыБерік Уәлибұқаралық спортспорт

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған