• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 19 апреля, 2026
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы

Redaktor
29.08.2025, 10:54
Жаңалықтар
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

6
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Қазіргі қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында басқарушы органдар алдына әрбір азамат өзін қорғауда сезінетін және мемлекеттік институттарға сенетін тиімді қауіпсіздік жүйесін құру міндетін қойды. Бүгінде Қазақстанда Үкімет бұл жұмысты кешенді түрде жүргізуде: қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіліп, цифрлы технологиялар енгізілуде, заңнама жетілдіріліп, мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік нығайтылып жатыр.

Primeminister.kz сайты оқырман назарына Мемлекет басшысының Жолдауы және өзге де тапсырмаларында қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы шолу ұсынды.

Фото: ҚР Үкіметі

Құқықтық тәртіпті және патрульдік қызметті күшейту

ҚР Ішкі істер министрлігі өз күш-жігерін қала және ауылда қауіпсіз орта құруға бағыттап отыр. Күн сайын 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде. 15 мыңнан астам патрульдік маршрут әзірленді, бұл проблемалы барлық аймақты қамтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар қайталанатын қылмыстардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған шаралар қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже беруде. Жыл басынан бері қоғамдық орындарда және көшелерде, сондай-ақ бұрын сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар санының азаюы тіркелді. Полицияның үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында 10 мыңнан астам қылмыс ашылып, 10 млн-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесілді.

Біздің жұмысымыздың негізі – «заң мен тәртіп» қағидасы. Алдын алу шараларының арқасында қылмыстар саны 13%-ға төмендеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға аз. Кісі өлтіру, қарақшылық әрекеті, тонау, бұзақылық, ұрлық және мал ұрлығы азайды. Бұрын сотталғандар қоғамдық орындарда және қару қолдану арқылы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны кеміді, қылмыстың ашылу көрсеткіші жақсарды, — деп атап өтті ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Фото: ҚР Үкіметі

Цифрландыру және бейнебақылау

Цифрлы технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Бейнебақылау желісі бүкіл ел бойынша кеңейіп келеді: 19 мыңнан астам камера бет-әлпетті тануға, қараусыз қалған заттарды түсіруге және тіпті көлік ағындарын талдауға қабілетті жасанды интеллектімен жабдықталған. Бұл жүйелерді Жедел басқару орталықтарымен біріктіру орын алған оқиғаларға нақты уақыт режимінде әркет етуге мүмкіндік береді.

Фото: ҚР Үкіметі

Полиция қызметкерлері заманауи планшеттер мен смарт-жетондармен жабдықталуда. Бұл олардың жылдам әрекет етуіне және қызмет тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Азаматтарға қолайлы болуы үшін «102» мобилді қосымшасы іске қосылды, сондай-ақ eGovMobile мен екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында «Заң және тәртіп» қызметі пайда болды. Енді кез келген азамат құқықбұзушылық жайлы «бір батырма» арқылы хабарлап, қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы байланысты жеңілдете алады.

Алаяқтардың 2,2 млрд теңгені алып қоюына тосқауыл қойылды. Сонымен қатар азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығы да артып келеді, — деді Ержан Сәденов.

Әйелдер мен балаларды қорғау

Үкіметтің басым бағыттарының бірі – азаматтардың ең осал санаттары – әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ішкі істер министрлігінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы басқарма құрылды.

Ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру қылмыстық сипатқа ие болды. Биылғы жылдың 7 айында отбасылық зорлық-зомбылық деректері бойынша 8 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелді.

Жаңа құқықтық тетіктердің арқасында соттар 56 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарды, ал 19 мыңнан астам құқықбұзушы әкімшілік қамауға алынды. Мыңдаған әйел мен балаға дағдарыс орталықтарында көмек көрсетілді. Бұл мемлекет тарапынан азаматтардың құқығын қорғау бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Қаржылық алаяқтықпен күрес

Цифрландыру жағдайында интернет-алаяқтық қылмыстарының саны күрт өсіп келеді. Азаматтарды қорғау үшін Ішкі істер министрлігі жүйелі шараларды жүзеге асыруда: ерте әрекет ету жүйелері енгізілуде, күмәнді қоңыраулар мен транзакциялар бұғатталады. Тек соңғы айларда ғана 2,6 млрд теңгеден астам қаржы ұрлығының алды алынды.

Жедел қызметтер алаяқтар пайдаланған 88 мыңнан астам SIM-картаны тәркіледі, сондай-ақ 67 млн-нан астам жалған халықаралық қоңыраудың жолы кесілді. Бұдан бөлек, Министрлік алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, мектеп оқушыларына, студенттерге және зейнеткерлерге арналған семинарларда қауіпті алаяқтық іс-қимылдарды тани білу және қаржыны қорғау жолдары үйретіледі.

Есірткі қылмысына және экстремизмге қарсы іс-қимыл

Бүгінде есірткі қылмысы күрделі мәселе күйінде қалып отыр. 2024 жылдан бері вейптердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдатылды. Биылғы 7 айда есірткіге қатысты 4,6 мыңнан астам қылмыс анықталып, 13 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды, 11 тоннадан астам есірткі мен 23 тонна химиялық зат тәркіленді.

Экстремизммен күрес те назардан тыс қалмайды. 2025 жылы экстремистік сипаттағы 44 қылмыстық құқық бұзушылық анықталып, оның 23-” іс сотқа жіберілді.

Жол-көлік қауіпсіздігі

Ерекше бағыт – жолдағы апаттарды азайту. Жаңа заң бойынша орташа жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершілік күшейтілді, мопедтерді тіркеу міндетелді. Сонымен қатар айыппұлдарды ескертулермен алмастыра отырып, ұсақ бұзушылықтар үшін жазаларды жеңілдету қарастырылды.

Биылғы 7 айда жолдарға 25 мыңнан астам тексеру жүргізілді, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін сан мың ақаулар анықталды. Соған сай дрондардан бастап автоматты тіркеу камераларына дейінгі бақылаудың жаңа әдістер қолданыла бастады. Мұның бәрі бүгінде нәтиже беріп, республикалық трассаларда жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар саны 12%-ға төмендеді.

Жолдарда 8,5 млн жол-қозғалысы ережесін бұзу фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде 14 мыңнан астам мас күйде көлік жүргізу фактілері бар. Бұл шаралар ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді. Бүгінде цифрлық шешімдер қарқынды түрде енгізілуде. Мәселен, құқық бұзушылықты тіркеу камералары, мобилді «жасырын» патрульдік жүйелер, дрондар, қауіпті жүргізушілерді анықтауға арналған «Қорғау» жүйесі. Автожолдарда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді, бұл осы аймақтардағы апаттық жағдайларды азайтты. Жол инфрақұрылымына бақылау күшейтілді, — деді Ержан Сәденов

Заңнаманы жетілдіру

Әділет министрлігі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық базаны қалыптастыруда шешуші рөлге ие. Соңғы жылдары ведомство заңнаманың маңызын арттыру, құқықтық рәсімдерді оңайлату және азаматтар үшін сот төрелігін қолжетімді ете түсу бойынша көп жұмыс жүргізуде. Соның ішінде ең бір маңызды бағыт қылмыстық және әкімшілік құқықты, оның ішінде жеке құқықтарды қорғау және қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған жаңа нормаларды жетілдіру туралы болды.

Біздің әділет саласында, сот жүйесінде және жалпылама алғанда жүргізіп жатқан реформаларымыз бірінші кезекте заңнаманың сапасын арттыруға, соның ішінде, ең алдымен заң бәріне бірдей деген қағидаға негізделген, ал онда орнатылған тәртіп талаптары заңды әділ қолданылу салдары ретінде танылға тиіс, — деп атап өтті әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.

Сот төрелігінің қол жетімділігі және құқықтық білім

Әділет министрлігінің басымдықтарының бірі – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ведомство онлайн-қызметтерді қарқынды дамытып, электрондық форматта мемлекеттік қызметтер спектрін кеңейтуде. Азаматтарға цифрлық платформалар арқылы соттар мен мемлекеттік органдарға жүгінуге мүмкіндік беріледі, бұл бюрократиялық жүктемені азайтады және уақытты үнемдейді.

Халық арасында ағартушылық жұмыс жүргізу маңызды міндет болып қала береді. Құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған акциялар мен білім беру науқандары үнемі өткізіліп тұрады, бұл қоғамда заң мен мемлекеттік институттарға деген құрметті қалыптастырады.

Егер бұрын заңсыз әрекеттерді дәлелдеу және барлық инстанциялардан өту қажет болса, енді атқарушылық іс-қимылдардың ашықтығы мен цифрлық шешімдердің мүмкіндіктері есебінен белгіленген рәсімдердің бұзылуы бірден анықталатын болады. Ал азаматтар заңсыз әрекетке тікелей жүйенің ішінде «бір батырма» арқылы шағымдана алады, — деді Ерлан Сәрсембаев.

Адам құқықтары саласындағы реформалар

 Әділет министрлігі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға көп көңіл бөледі. Кемсітушілікке қарсы іс-қимылға, халықтың осал топтарын қорғауға және әділ сот төрелігінің кепілдіктерін нығайтуға бағытталған жаңа тетіктер әзірленіп, енгізілуде. Бұл саладағы қазақстандық бастамалар халықаралық деңгейде қолдау табуда, бұл елдің құқықтық мемлекет ретіндегі беделін нығайтады.

Осылайша, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, атқарушылық іс жүргізу тараптарының әрқайсысы сот төрелігін жүзеге асыру кезінде болжамды, заңды жағдайға және дауларды шешудің өзге де тәсілдеріне сенімді болған кезде әділ заңдардың қабылдануы ғана емес, олардың сапалы орындалуы да қамтамасыз етілетін болады, — деп атап өтті Ерлан Сәрсембаев.

ІІМ мен Әділет министрлігі қабылдаған шаралар мемлекеттің «Заң және тәртіп» біртұтас және тиімді жүйесін құруға ұмтылатынын көрсетеді. Бұл жүйе заманауи технологияларға, заңнаманы жетілдіруге, қоғамның белсенді қатысуына және құқық бұзушылардың қатаң жауапкершілігіне сүйенеді.

Мемлекеттің міндеті – сын-қатерлерге жауап беріп қана қоймай, құқықтық тәртіп өмір сүру нормасына айналатын жағдайларды қалыптастыру. Бүгінгі таңда Қазақстан азаматтардың сенімін нығайта отырып және елдің болашақ дамуы үшін берік іргетас қалап, осы бағытта сенімді түрде қадам басуда.

Тегтер: Tura18Жолдау-2024КонституцияПрезидентТоқаев

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Облыс әкімі өңір тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырып, бейнеүндеу жариялады
Аймақ тынысы

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12
Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды
Аймақ тынысы

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05
Абай облысында демографиялық өсім байқалады
Аймақ тынысы

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26
Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады
Аймақ тынысы

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31
Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды
Аймақ тынысы

Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды

15.04.2026, 14:47
Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды
Аймақ тынысы

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31

Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды

15.04.2026, 14:47

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35

Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

14.04.2026, 16:46

Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

13.04.2026, 16:47

Шүлбі су қоймасынан су жіберіледі

13.04.2026, 16:29

Абай облысында ірі кен орны ашылып, 1800 жаңа жұмыс орны құрылады

13.04.2026, 12:51

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Облыс әкімі өңір тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырып, бейнеүндеу жариялады

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12
Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05
Абай облысында демографиялық өсім байқалады

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26
Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35
Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 69

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2025. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған