Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған саяси партияларға Tura18.kz ресми сайтына үгіт материалдарын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Tura18.kz cайтының, сондай-ақ Instagram және TikTok әлеуметтік желілеріндегі Tura018.kz пабликтерінің меншік иесі – Садыков Думан Уразбаевич, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген сайлауға қатысатын, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған саяси партияларды Tura18.kz ресми сайтында үгіт материалдарын (бұдан әрі — Үгіт материалдары) жариялау үшін алаң ұсынудың ақы мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.
Сайлауалды үгіт 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00.00-де аяқталады.
Үгіт материалдары* Tura18.kz сайтында келесі форматта жарияланады:
| Жариялау түрі | Қызмет сипаттамасы | бағасы, оның ішінде ҚҚС (қосылған құн салығы) ескерілген
|
| Мақала | Басты бетке дайын материал жариялау (2 мың белгіге дейін және 3-4 фотосуретпен) | 15 000
|
| Мақала
|
Басты бетке дайын материал жариялау (2 мың белгіден 10 мың белгіге дейін және 12 фотосуретке дейін) | 20 000 |
| Баспасөз мәлімдемесі
|
Басты беттегі жаңалықтар желісінде жариялау (2 мың белгіге дейін 1-2 фотосуретпен) | 10 000 |
| Баннер түріндегі жарнама
|
Дайын баннерді жариялау | 10 000 |
| Видеоматериалдар | Видеоролик әзірлеу және жариялау (бағасы 1 секунд) | 1 000 |
| Жарияланым (бейнеролик, пост, баннер) | Instagram әлеуметтік желісіндегі Tura018.kz паблигінің лентасы мен stories бөлімінде дайын жарияланымды орналастыру |
20 000 |
| Жарияланым (бейнеролик, пост, баннер) | TikTok әлеуметтік желісіндегі Tura018.kz парақшасының лентасы мен stories бөлімінде дайын жарияланымды орналастыру | 15 000 |
* Үгіт материалдары толық дайын күйінде ұсынылады және меншік иесі оларды редакциялық өңдеуді жүзеге асырмайды.
Үгіт материалдары Tura18.kz ресми сайтында партиялық тізім ұсынған саяси партиямен жасалған жазбаша шарт негізінде жариялайды.
Үгіт материалдарының саны, көлемі, жарияланатын күні мен уақыты партиялық тізім ұсынған саяси партияның сенімді өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейіннен шартта бекітіледі.
Жазбаша өтінішке қосымша мыналар беріледі:
- партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- саяси партия сенімді өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (соның ішінде уәкілетті орган берген куәлік);
- өтініш тапсыратын саяси партия сенімді өкілінің жеке куәлігінің көшірмесі;
- шартқа қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;
- үгіт материалының қағаз бетіне түскен мәтіні.
Үгіт материалдары жарияланатын күннен 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын ұсынылады.
Егер материал Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қайшы келсе, сайт редакциясы үгіт материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы.
Үгіт материалдарын жариялау кезектілігі жазбаша өтініш келіп түскен уақытқа қарай анықталады. Өтініштер бір мезгілде келіп түссе, кезектілік жеребе арқылы анықталады. Жеребе өткізу тәртібін сайттың меншік иесі белгілейді.
Үгіт материалында ақысы төленгені, қаржыландыру көзі туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті ақпаратты ұсынған тұлға туралы мәлімет болуға тиіс.
Саяси партиялар үгіт материалдарының мазмұнында Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуына жауапты болады.
Интернет-журнал иесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, соның ішінде материалдарда келесі сипаттағы мәлімет болған кезде үгіт материалын орналастырудан бас тартуға немесе оларды таратуды тоқтатуға құқылы:
— конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақыру;
— мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіру;
— әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе өзге де араздықты қоздыру;
— қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау;
— өзге кандидаттардың немесе саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер.
Үгіт материалын жарияланғаны үшін төленетін ақы жасалған шарт бойынша төлем төлеуге ұсынылған шот негізінде, шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде жүзеге асырылады.
Жазбаша өтініштер 2026 жылғы 20 шілдеден бастап 2026 жылғы 17 тамызды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 09.30-дан 17.00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін) мына мекен жайда қабылданады: Семей қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 102. Электронды пошта: sadykov.office@mail.ru.














