• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
06.10.2026, 19:30
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар

Саясаттанушы: Сайлаушының сенімін тек уәдемен жеңіп алу мүмкін емес

Инабат Аблахатова
03.08.2026, 14:17
Жаңалықтар, Сараптама
3
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Талғат Қалиевтің айтуынша, қазіргі ақпараттық дәуірде сайлаушының сеніміне ие болу үшін бағдарламамен қатар эмоциялық байланыс пен тұрақты бедел де маңызды.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қазіргі ақпараттық кеңістікте адамдардың таңдауына ең алдымен эмоция әсер етеді. Сондықтан саяси партиялар сайлаушының сеніміне ие болу үшін тек бағдарламасын таныстырумен шектелмей, қоғаммен тұрақты байланыс орнатуы қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы саясаттанушы Талғат Қалиев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты өткізген сарапшылар кездесуінде мәлімдеді.

Сарапшының айтуынша, кез келген ақпарат алдымен эмоция арқылы қабылданады. Адам қандай да бір мәліметті қабылдамас бұрын оған ішкі бағасын береді. Осыдан кейін ғана ол ақпарат санасында сақталып, белгілі бір көзқарас қалыптастырады.

Сайлаушының таңдауы көбіне «сенемін» немесе «сенбеймін» деген ішкі сезімге негізделеді. Ал сенім – уақыт өте қалыптасатын тұрақты эмоция, – деді Талғат Қалиев.

Оның пікірінше, қазіргі таңда саяси партиялардың мүмкіндігі бұрынғыдан әлдеқайда кеңейді. Әлеуметтік желілердің көмегімен олар әртүрлі әлеуметтік топтармен тікелей байланыс орнатып, қоғамның сұранысына жедел жауап бере алады.

Сонымен бірге саясаттанушы бүгінгі басты қиындықтың бірі – ақпараттық шудың артуы екенін атап өтті. Оның айтуынша, адамдар күн сайын өте көп ақпарат тұтынады. Осындай жағдайда саяси күштер тек бағдарламасымен ғана емес, аудиторияның назарын аудара алатын мазмұнмен де ерекшеленуге тиіс.

Талғат Қалиев кеше өткен теледебаттарға да тоқталып, пікірсайыста мазмұн болғанымен, эмоциялық әсердің жеткіліксіз болғанын айтты.

Партиялар халыққа өз ұстанымын жеткізді. Бірақ сайлаушының назарын аудару үшін эмоциялық әсер де маңызды. Өйткені адамдар көбіне таңдауды ақылмен ғана емес, жүрекпен де жасайды, – деді ол.

Сарапшының сөзінше, қазіргі технологиялар қоғамдық пікірді қысқа уақыт ішінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Дегенмен ұзақ мерзімді нәтижеге жету үшін партиялар ең алдымен өз беделі мен қоғам сенімін нығайтуға күш салуы қажет.

Жаңа технологияларды тиімді пайдалану маңызды. Бірақ ең бастысы – репутацияны сақтап, адамдардың тұрақты сеніміне ие болу. Нағыз саяси капитал – сайлаушының сенімі, – деп түйіндеді Талғат Қалиев.

Айта кетейік, кеше, яғни 29 шілдеде жеті саяси партияның қатысуымен Ұлттық теледебаттың тікелей эфирі өтті. Эфир барысында саяси сарапшылар теледебаттың маңызына тоқталып, еліміздегі конституциялық реформалардан кейін алғаш рет өткізілгелі отырған Құрылтай сайлауының қоғамдық-саяси мәніне баға берді. Олар медиаорталықтың Sky студиясында партиялардың сайлау бағдарламаларын талқылады.

Еске салсақ, саясаттанушы Найла Мұхтарова кеше өткен алғашқы теледебатқа баға берді. Сарапшының айтуынша, пікірсайыс партиялардың бағдарламасымен қатар, саяси мәдениеті мен ашық бәсекеге дайындығын да көрсетті.

Цифрлық даму министрлігі сайлау кезінде TikTok пен YouTube-тың ЖИ-контентке қатысты жауапкершілігін түсіндірді. ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бақтияр Мұхаметқалиевтың айтуынша, Қазақстанда жұмыс істейтін барлық цифрлық платформалар ұлттық заңнаманы сақтауға міндетті, ал жасанды интеллект көмегімен жасалған контентті таңбалау негізгі талаптардың бірі болады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған