Семейде теміржол вокзалы маңындағы жаяулар көпірін жөндеу жұмысы басталды. Осыған байланысты биылғы 3 маусымнан бастап көпір уақытша жабылды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Көпірді бөлшектеу кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының көлік қатынасына қолжетімділігін сақтау үшін қоғамдық көлік бағыттарына уақытша өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, №4, №22, №35 және №45 автобус бағыттары Қабылбаев, Бегалин, Городская және Жангелдин көшелері арқылы қатынайтын болады.
Сонымен қатар жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа қозғалыс сызбалары көрсетілген автобус аялдамаларының белгілері орнатылды.
Жауапты мекемелердің мәліметінше, демонтаждау жұмысы толық аяқталғаннан кейін қоғамдық көлік қозғалысы бұрынғы бекітілген бағыттар бойынша қайта жалғасады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.














