Семей қаласында 200-ден астам тұрғын сенбілікке қатысып, қала тазалығына үлес қосты, деп хабарлайды Tura18.kz.
Іс-шара барысында тұрғындар мен жастар ұйымдарының мүшелері қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, санитарлық жағдайды жақсартуға атсалысты.
Қатысушылар мұндай бастамалардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Олардың айтуынша, сенбілік тек тазалық шарасы емес, сонымен қатар қоғамның бірлігін нығайтатын игі дәстүр.
Семейліктер алдағы уақытта да осындай экологиялық акцияларға тұрақты түрде қатысуға дайын екендерін жеткізді.

















