• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
07.10.2026, 00:33
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

Семейде аумағы 100 га болатын орман тұқымбағы ашылды

Redaktor
23.10.2025, 15:04
Аймақ тынысы, Жаңалықтар
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

3
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні экологиялық акциясы асянда Семейдің Бейбітшілік аралында орман тұқымбағы ашылды. Оған Абай облысының әкімі Берік Уәли, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи реверватының қызметкерлері, сала ардагерлері және белсенді жастар қатысты, деп хабарлайды Tura18.kz порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысанның жалпы аумағы – 100 гектар. Құрылысы 2026 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған тұқымбақта қылқан жапырақты және жапырақты ағаштардың егістік алаңы, жабық тамыр жүйесіне арналған контейнерлік жылыжай аймағы, шеберханалар, қоймалар, кеңселер салынады. Сондай-ақ 3 гектар аумақта инженерлік желілер мен қосалқы алаңдар орналасады, 5 гектар жер аналық плантациялар мен тұқым бауына арналады.

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл облыста 65 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. «Семей орманы» аумағындағы өрттердің салдарын жою үшін жыл сайын 20 миллионнан астам қарағай егілуде. Бұл шаралар орман қорын қалпына келтіруге және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған. Жаңа орман тұқымбағы облысты көгалдандыруға сапалы отырғызу материалын қамтамасыз етіп, өңірдің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, Семей қаласының сол жағалауында жасыл белдеу құру көзделген.

Аймақ басшысы жоба өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және орман қорын қалпына келтіруге бағытталған маңызды бастама екенін атап өтті.

Бүгін біз «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнін» және орман тұқымбағының салтанатты ашылуы сынды ерекше маңызды екі шараны атап өтуге арнайы жиналып отырмыз. Бұл бастама – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағаш отырғызу және еліміздің орман қорын ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында қолға алынған игі істердің жалғасы. Президентіміздің бұл игі бастамасы қазіргі әлемдік экологиялық жағдаймен қоса халқымыздың бай танымымен де астасып жатыр. Ұлтымыздың экологиялық мәдениеті талай ғасырлардың сынынан өтіп, ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігіне айналғанын баршаңыз жақсы білесіздер. Сондықтан халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген дана сөз бар. Тұқымбақ қолайлы жерде орналасқан. Жанынан Ертіс өзені ағып өтіп жатыр. Ағаш көшеттерін көбейтіп, жасыл аймаққа айналдыруға таптырмас орын. Сонымен қатар, бүгін біз орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өтудеміз. Табиғатты қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында жасыл байлығымыз – орманымыз сақталып, ұлғайып келеді. Өңір экологиясын жақсартып, туған жерімізді көзіміздің қарашығындай қорғау – баршамыздың отан алдындағы қасиетті борышымыз. Табиғатты аялау ұлт болашағына қызмет ету екенін естен шығармауымыз керек, – деді облыс әкімі.

Шараға қатысқан орман саласының ардагерлері тұқымбақтың Семей қаласы үшін маңызы зор екенін айтты.

Қазір зейнеткермін. Осындай игі шараларға үнемі атсалысып, қолдау көрсетуге тырысамын. Бүгін немерелерімді ертіп келдім. Тұқымбағымыз көркейіп, ағаштары жайқалып өсе берсін. Бұл – Семей қаласы үшін өте қажетті жоба. Осы тұқымбақ арқылы ағаштарды сатып алмай-ақ, өзіміз өсіре аламыз, – деді Құрмет Мұхамадиев.

Аймақ басшысы ашылу салтанатынан кейін орманшылармен және жастармен бірге ағаш көшеттерін отырғызуға қатысты. Шара барысында тұқымбаққа он мыңға жуық қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар егілді.

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өңірде жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Абай облысында 44 іс-шарадан тұратын өңірлік жоспар бекітілген. Облыста 2022-2024 жылдары 213 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Семей қаласында алғаш рет 75 мың ағашты толық түгендеуді қамтитын дендрологиялық жоспар әзірленді.

Тегтер: Абай облысыорманРедакция таңдауыСемейтұқымбақ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған