Биығы 4–5 мамыр күндері Семейдегі «Арена» мәдени-спорт кешенінде грек-рим күресінен Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир ұйымдастырылады, деп хабарлайды Tura18.kz.
Турнирдің салтанатты ашылуы 4 мамыр күні сағат 17.00-де болады. Дәстүрлі жарыста бозкілемге Ресей, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің үздік балуандары шығып, өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, турнир Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналады. Бұл жарыс жыл сайын спортшылардың шеберлігін шыңдап, халықаралық деңгейдегі тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ашылу салтанатында көрермендерге арнайы бағдарлама дайындалып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.














