Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев шаһардағы жылдар бойы қордаланған мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін мәлім етті. Бұл жөнінде ол тұрғындармен кездескенде айтты, деп хабарлайды Tura18.kz.
Бүгін қала басшысы сайлауалды үгіт-насихат науқаны кезінде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша кері байланыс орнату үшін шағын аудандарды аралауды бастады. Әкімнің алғашқы сапары Юность ауданынан басталды. Мұнда халық апатты жағдайдағы ағаштардың адамдарға қауіп төндіретінін айтқан. Әділет Қожанбаев жауапты бөлім басшыларына артық ағаштарды кесу жұмыстарын бастауға пәрмен берді.
Шағын аудандарды аралау кезінде қала әкімі жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін айтты, ал тұрғындармен байланыс тікелей және ашық форматта жүргізетін болады. Осы мақсатта қалалық әкімдік жауапты бөлімдердің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларын жариялады. Енді әрбір семейлік сол парақшалар арқылы өз ұсынысын, пікірін немесе шағымын жолдай алады.
Қала басшылығы азаматтардың онлайн өтініштеріне жедел жауап беріп, барлық түскен мәселелерді жүйелі түрде шешуді мақсат етіп отыр

















