• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 18 апреля, 2026
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

Шар қаласында күрделі жөндеуден өткізілген мәдениет үйі ашылды

Redaktor
23.10.2025, 09:49
Аймақ тынысы, Жаңалықтар, Өнер мен мәдениет
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

4
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Республика күні қарсаңында Жарма ауданының Шар қаласында күрделі жөндеуден өткен қалалық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, зиялы қауым өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты, деп хабарлайды Tura18.kz порталы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шар қалалық мәдениет үйі 1960 жылы бой көтерген. Соңғы рет нысанға 2002 жылы жөндеу жүргізіліп, сыртқы қаптамасы жаңартылып, едендері ауыстырылып, су жүйесі тартылған.

1 ден 13
- +

Биыл «Жол картасы» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, ғимаратқа толық күрделі жөндеу жүргізілді. Шатыры ауыстырылып, барлық терезе, есік және еден жабындары жаңартылды. Су, жылу және кәріз жүйелері ауыстырылып, жаңа жылу қазандығы іске қосылды. Сахна кеңейтіліп, заманауи жарық және дыбыс құрылғылары, сондай-ақ LED экран орнатылды. Қосымша бөлмелер салынды.

Айта кетейік, биылғы маусымда аймақ басшысы Жарма ауданына жұмыс сапарымен келгенде Шардағы Мәдениет үйін аралап, мердігер компанияға жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырған.

Облыс әкімі елді мекен тұрғындарын маңызды мәдени нысанның қайта ашылуымен құттықтады.

Біз бүгін Республика күні қарсаңында Шар қалалық мәдениет үйінің қайта ашылу салтанатында бас қосып отырмыз. Көктемде осында келген кезімде бұрынғы ғимаратты қайта жаңғырту туралы шешім қабылдаған болатынмын. Міне, бүгін әдемі, кең, жарық, биік, су жаңа Мәдениет үйін өздеріңізбен бірге ашқалы тұрмыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаға Жолдауында «тіл, мәдениет, руханият мәселесі ұлттық мүдденің өзегі ретінде саналатын. Әрине, бұл дұрыс, әрқайсысы ұлт болмысының арқауы» деп айрықша атап өткен болатын. Біз де осы бағытты басшылыққа ала отырып, мәдениет нысандарын жаңғырту ісіне баса мән беріп келеміз. Шар қаласындағы ғимараты толық күрделі жөндеуден өткен бұл өнер ордасы өңірдің мәдени тынысын жандандырып, қала тұрғындарының рухани өмірінде ерекше орын алады деп сенеміз. Бұл жерде шығармашылық ұжымдар өз өнерін шыңдап, жастар рухани тәрбие алып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылатын болады. Осы игі істің жүзеге асуына атсалысқан құрылысшыларға, жобалаушыларға, мәдениет саласының қызметкерлеріне және барша тұрғындарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Шарға осымен үшінші рет келіп отырмын. Қаланың дамуы үнемі менің назарымда, жеке бақылауымда болады, — деді облыс әкімі.

Жергілікті тұрғындар мәдениет үйінің жаңғырып, қайта ашылуын жылы қабылдап, үлес қосқандарға ризашылықтарын білдірді.

Бүгін Шар қаласы тұрғындары үшін ақ түйенің қарны жарылған күн деп айтуға болады. Мәдениет үйіміздің қайта жаңарып, жарқыраған сәтіне куә болып отырмыз. Шар қаласында бассейн құрылысы басталды. Келесі жылы бірнеше көшенің жолы жөнделетінін айтты. Облыс басшылығына алғыс айтамыз, — деді қала тұрғыны Талғат Құмаров.

Аймақ басшысы «Кәусар» халық ұлт-аспаптар оркестрі және «Сұлуым» эстрадалық қыздар тобының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Биыл өңірде бірқатар мәдени нысандар жаңартылды. Абай ауданының Қарауыл ауылындағы мәдениет үйіне, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханаға, Абай атындағы театрға және Семейдегі Ф.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың шатырына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Республикалық маңызы бар тарихи-сәулет ескерткіші саналатын облыстық тарихи-өлкетану музейінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

2025 жылы аймақтың мәдени инфрақұрылымын дамыту мақсатында республикалық бюджет есебінен бес жаңа нысанның құрылысына қаржы бөлінді. Атап айтқанда, Үржар ауданындағы Жоғарғы Егінсу ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 100 орындық клубтың құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ Бородулиха ауданының Камышенка, Новопокровка, Бесқарағай ауданының Беген, Глуховка және Ерназар ауылдарында, Ақсуат ауданының Көкжыра ауылында жаңа мәдениет үйлерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Тегтер: Tura18Абай облысыБерік УәлиЖарма ауданы

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Облыс әкімі өңір тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырып, бейнеүндеу жариялады
Аймақ тынысы

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12
Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды
Аймақ тынысы

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05
Абай облысында демографиялық өсім байқалады
Аймақ тынысы

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26
Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады
Аймақ тынысы

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31
Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды
Аймақ тынысы

Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды

15.04.2026, 14:47
Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды
Аймақ тынысы

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31

Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды

15.04.2026, 14:47

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35

Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

14.04.2026, 16:46

Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

13.04.2026, 16:47

Шүлбі су қоймасынан су жіберіледі

13.04.2026, 16:29

Абай облысында ірі кен орны ашылып, 1800 жаңа жұмыс орны құрылады

13.04.2026, 12:51

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Облыс әкімі өңір тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырып, бейнеүндеу жариялады

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12
Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05
Абай облысында демографиялық өсім байқалады

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26
Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35
Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 69

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2025. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған