• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
06.10.2026, 19:30
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар

«Соқырлар»: қоғамның көкірек көзін ашқан қойылым

Redaktor
25.05.2026, 18:31
Жаңалықтар, Өнер мен мәдениет
57
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Көкірек көзінде саңылауы жоққа бұл қойылым — қараңғы сахнада жалбыр-жұлбыр кейіпкерлер, қаңғыр-күңгір  кежілдесіп, біреу аңырай жылап, біреу қарқылдай күліп бір жарым сағат жұмбақ тартысқандай болып көрінуі мүмкін. Бірақ, сахна сырын білетін, сахна өнерін сүйетін көрерменге түмен-түрлі ой кештірген, құнықтырар құпияға толы қызықты саяхат болды. Әркімнің ішінен бір кейіпкер сөйлеп, әркімнің сыртынан бір кейіпкер соттады. Шынымен театрдың ішіне енгенмен сол театр көрермен ішіне кірмей-ақ қоятын жұғымсыз қойылымдар да болады, амал қанша?!

Морис Метерлинктің бұл шығармасын оқығанымыз бар. Алайда авторды қазақ қоғамымен байланыстыра, хәкім Абай арқылы интерпретациялау — замандасымыз Мейрам Хабибуллиннің режисерлік шешімінің сәтті тұсы болды. Оқиға ішінде жүргендей әсер етуі үшін көрермен залы сахнада орналастырылды. Жанары бар жалғыз жолбасшыларын зарыға күтіп отырған зағиптер оқиғасы — бақытты болашақ күтсе де әрекет қылмай, әр төбеден күңкілдеуге құмар, тізе қосып, тірлік етпес тобырдың ішін күлдей қопарды. (Осы орайда режиссердің уық пен шаңырақ детальдарын қолдануы қойылымға қазақи болмыс қосқанын айта кетуіміз керек. Батыс стилін айнытпай көшірушілерге сабақ болар шешім). Қатерлі хәлде қаперсіз отырғандар, өзгерісті сырттан күткендер,, шырғалаңда жатып “шүкір етушілер”, басшыға қосшы болу орынына басын алып қашушылар, “айқайға сүрең қосып” айтақтаушылар бәрі-бәрі шығыс тәмсіліндегі “жаһаннамдағы ұзынқасықты азапталушыларды” түсіріп отырды есімізге… “Өзіміз шаңырақты көтере берейік” деген соқырдан уық алмай ушықтырған топ “бас-басына би болған”, тірліктің шегесі бірліктің балғасымен қағылатынын мойындамайтын бүгінгі кейбір керауыздарды салды ойға. Итше ырылдасып отырып, ортадан нан шыққанда ғана береке тапқан соқырлар, маужырай қалғып, бұйығып ұйқыға кетті, құдды түк болмағандай… Оның үстіне “шалпылдатпай, мәдениетті жесеңдерші!” деген өктем дауыс, ауызына ас барып, аяқ асты ақсүйек бола қалар адам мінезін тамыршыдай тап басты. Оғаш отырған әрі соқыр, әрі саңырау бұлардан үмітін үзген кейіпкер күбірлейді: “Білмеген соқыр, қайғысыз отыр, тамағы тойса жатуға…” Иә, пенденің аянышты жері осы… Бірақ, оқиға бірінші соқырдың әжет қысып оянғанына келгенде… Пенденің аянышты ғана емес, нағыз сорлы екенін еріксіз көреміз. Осы жерде Абай айтқан ызалы күлкі қысады көрерменді… Оқиғаның шарықтау шегі де сол, еріксіз емініп есік іздеген байғұс өздері күтіп отырған, бірақ әлдеқашан жан тәсілім еткен пірадарды тауып алған жерінде. Үзілген үміт, өз-өзін алдау, жанұшыра жүгіру бара-бара қайтадан бағанағы бітпес алауыздыққа ұласады. Иә. Көн қатты, қалпына келді…

Қойылым барысында қолданылған декорацияны жеке айта кеткен жөн. Минимализм стилінде безендірілген сахна төбесінде жел сөздердің образындай қаңбақтар ілулі тұрды.

“Дариға-ай” жастар театрының құрушылардың бірі — талантты актер һәм режиссер Еркебұлан Нұғымановтың ойыны тұтас спектакль өзегін ұстап тұрған омыртқатадай дерсің, жұмыс тарихын осы театрдан бастаған, талай қойылымға режиссерлік еткен Ербұлан Қалым да актерлік өнер ауылынан аластамағанын көрсетті. Айнұр Жадранова, Ислам Азизов, Айдар Нартов, Қарлыға Сыбанова, Дана Өмірханова және шығарма финалын сәтті ашқан Думан Өмірхановты жеке атағанымыз ләзім. Барлық актерлық құрам жетігеннің ішегіндей жарасымды күйге бөледі мәртебелі көрермен қауымды. Ең бастысы — осы бір жарым сағат көлеміндегі керемет қойылымды барлығы жабық көзбен яғни шын соқыр болып ойнағанын қосыңыз! Бұрын-соңды көрмеген тәжірибені жасап берді.

Өңір басшысы Семейдегі үш театрдың бір ғимарат, бір сахнаны бөлісіп отырғанын мемлекет басшысына жеткізіп, қалада жаңа театр ашылатынын жұртшылыққа сүйіншілей жариялаған болатын. Алақандай сахнаны бөлісіп, қиыннан қиыстыра жасаған қойылым осындай болса, уақыт пен кеңістік жеткілікті болған жағдайда қандай ғажайыптарды көретінімізді ойлай беріңіз! Сол күнге амандықпен жетейік!

Бауыржан Игілік,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Тегтер: Tura18Абай облысыӨнерРедакция таңдауыСемейтеатр

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған