Республика ауқымында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 610 мыңнан астам адам қатысып, жұмылған еңбек нәтижесінде 90 мың гектарға жуық аумақ тазартылды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Сондай-ақ тазалық күні 180 мың жасыл желек, оның ішінде алма, қара мойыл, тал және басқа да ағаштардың көшеті егілді.
Біз, орманшылар жыл сайын ағаш отырғызамыз, алайда бүгін бұл іске мыңдаған адамның қосылғанын көру- ерекше қуаныш. Мұндай акциялар азаматтардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауға, еліміздің орман ресурстарын болашақ ұрпақ үшін сақтауға насизаттайды, ықпал етеді, — деп атап өтті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары М. Елемесов.

















