• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 18 апреля, 2026
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

«Туған жерге туыңды тік»: Семейге серпін берер жобалар іске асырылады

Redaktor
21.06.2025, 10:16
Аймақ тынысы, Жаңалықтар
Фото:  Абай облысы әкімдігі

Фото: Абай облысы әкімдігі

2
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Семейде «Туған жерге туыңды тік» атты ірі инвестициялық форум өтті. Ауқымды жиынға еліміздің Парламент және Сенат депутаттары, шетелдік және отандық инвесторлар, Абай облысынан шыққан белгілі кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Айтулы жиынға шамамен 500 кәсіпкер бас қосты, деп хабарлайды Tura18.kz.

1 ден 7
- +

Форумның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Абай облысының әкімі Берік Уәли аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.

Бүгін біз Абай өңірінің өркендеуіне бағытталған маңызды жиында бас қосып отырмыз. Бұл – ой-пікір алмасып, болашаққа бірге қадам басуға арналған платформа. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейді киелі өлке деп атап, бұл жердің тарихы мен маңызына ерекше тоқталған. Абай облысы – жаңадан құрылғанымен, болашағы зор. Табиғи байлығы, географиялық артықшылықтары, еңбекқор халқы мен өндірістік базасы тұрақты өсімнің негізі бола алады. Бірақ бұл әлеуетті іске қосу үшін кәсіпкерлер мен инвесторлардың белсенділігі аса маңызды, – деп атап өтті өңір басшысы.

Италия төрінде Абай ескерткіші ашылады

Форумның пленарлық сессиясында Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов, Мақсат Толықбай, Ринат Зайытов, Сенат депутаттары Айнұр Арғынбекова, Қайрат Тастекеев, «Agro Land Co» ЖШС бас директоры, «EurasiaRed» холдингтік компаниясының президенті Ерлан Мұқашев, «KAZ Minerals» тобы басқармасының төрағасы Эльдар Мамедов, «Сан Бао» сауда-өнеркәсіп корпорациясы басқарма төрағасы Кан Хэпин, «Эйкос» ЖШС бас директоры Александр Соловьёв, Қазақстандағы YOKOHAMA және TRIANGLE компанияларының ресми дистрибьюторы Сырымбек Тау, ASR экожүйесінің негізін қалаушы Дәурен Бимов, «Q4 Тұлпар» компаниясының басшысы Талғат Сақан, Ақтөбе, Түркістан облыстары әкімдіктерінің өкілдері сөз сөйледі.

Инвесторлар Абай облысында жүзеге асыратын жобалары туралы айтты. «Сан Бао» сауда-өнеркәсіп корпорациясы басқарма төрағасы Кан Хэпин 33 жылдан бері Абай облысымен қалыптасқан ынтымақтастық байланыстарды жаңа қарқында жалғастыра беретінін, Сырымбек Тау Семейде «Пана» қонақүй желісін, «Семей мол» сауда кешенін салатынын, Абайдың 180 жылдығына Бейжіңде Абай үйін ашатынын жеткізді. Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерболат Сембаев бейнеүндеу арқылы Италияның астанасы Римде Абай ескерткішінің бой көтеруіне үлес қосатынын хабарлады.

Сегіз мыңнан астам жаңа жұмыс орын

Абай облысы өзінің қолайлы географиялық орналасуы арқасында Қытай, Ресей және Орталық Азия елдерімен байланыс орната алады. Осы фактордың негізінде халықаралық сауда жолдарына шығуға мүмкіндік беретін көлік-логистикалық орталықты дамыту жоспарда бар. Алдағы кезеңде аймақта бірқатар маңызды инвестициялық жоба қолға алынбақ. Соның бірі – Аягөз–Бақты темір жолы мен құрғақ порттың құрылысы.

Бүгінде өңірде жалпы сомасы 2,7 трлн теңге болатын 38 инвестициялық жобадан тұратын кешенді пул жасақталған. Бұл жобалар 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруды көздейді. Былтыр негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 575,3 млрд теңгеге жетті, ал тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі – 775,3 млн АҚШ доллары. Былтыр 14,4 млрд теңгеге сегіз жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 330 жұмыс орны ашылды. Ал биыл 31,1 млрд теңге сомасына 10 жобаны іске асырып, 767 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қазір 1 млрд теңгеге бір жоба іске қосылды.

Биыл бірнеше жаңа өндіріс іске қосылады

Сондай-ақ, биыл 10 млрд теңге көлемінде «СемАз» ЖШС өндіріс аясын кеңейтіп, жылына 6 мың арнайы техника шығаруға арналған жаңа желіні іске қосады. «Казполиграф» ЖШС қуаттылығы жылына 40 млн дана қағаз және картон өнімдерін шығаратын өндіріс желісін іске қосуды жоспарлап отыр.

Облыс әкімі осы уақытқа дейін 50-ден астам шетелдік инвестормен кездескенін айта кету керек. Жуырда Абай облысының делегациясы Қытадың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына барып, «Үлкен Алтай» субөңірлік әріптестік конференциясына қатысты. Сапар барысында жалпы құны 1,5 млрд АҚШ долларынан асатын 15 меморандумға қол қойылды. Соның аясында Семейдегі 96 гектар аумақты қамтитын «Өндіріс» индустриялық аймағында қытайлық серіктестермен бірлесіп, жалпы сомасы 50 млн долларға жететін чиптер мен электрондық құрылғылар өндіретін зауыт құрылысы басталды. Қазір бұл индустриялық аймақта төрт жоба жүзеге асырылып жатыр. Өндірістік алаңдарға деген сұраныс жоғары болғандықтан, оның аумағын 600 гектарға дейін кеңейту қолға алынды.

Қаланың жаңа келбеті қалыптасады

Алқалы жиында аймақ басшысы «Семейдің сәулет келбеті» атты ашық байқау жарияланғанын мәлім етті. Болашақта бой көтеретін Semey Smart City ықшам ауданының сәулеттік келбетін арттыруға бағытталған байқау жеті аталым («Болашақтың тұрғын кварталы» – тұрғын үйлердің сәулеттік келбеті), («Ашық мемлекеттің сәулеті» – әкімшілік және қоғамдық ғимараттар), («Мәдени код: қаланың рәмізі мен рухы» – мәдени және символикалық нысандар), («Қала көшеден басталады» – қоғамдық кеңістіктер мен абаттандыру), («Қала – табиғатта, табиғат – қалада» – саябақтар, алаңдар мен рекреациялық аймақтар), («Құрылым және өмір сапасы» – аумақтық орналасу шешімдері), (Smart City Semey – инновациялық орталық концепциясы) бойынша өтеді.

Семейдегі форум аясында 15 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Сонымен қатар облыстың өндірістік және ауыл шаруашылығы салаларындағы жетістіктерін паш ететін көрме ұйымдастырылып, қатысушылар назарына ұсынылды. Форум қонақтары аймақ басшысымен бірге көрмені алады.

Тегтер: Абай облысыБерік Уәлиинвестициялық форумСемей форум

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Облыс әкімі өңір тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырып, бейнеүндеу жариялады
Аймақ тынысы

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12
Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды
Аймақ тынысы

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05
Абай облысында демографиялық өсім байқалады
Аймақ тынысы

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26
Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады
Аймақ тынысы

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31
Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды
Аймақ тынысы

Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды

15.04.2026, 14:47
Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды
Аймақ тынысы

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31

Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды

15.04.2026, 14:47

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35

Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

14.04.2026, 16:46

Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

13.04.2026, 16:47

Шүлбі су қоймасынан су жіберіледі

13.04.2026, 16:29

Абай облысында ірі кен орны ашылып, 1800 жаңа жұмыс орны құрылады

13.04.2026, 12:51

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Облыс әкімі өңір тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырып, бейнеүндеу жариялады

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12
Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05
Абай облысында демографиялық өсім байқалады

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26
Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35
Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 69

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2025. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған