• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 19 апреля, 2026
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды – Абай облысы

Redaktor
18.08.2025, 15:08
Аймақ тынысы, Жаңалықтар
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

4
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте 2025-2026 оқу жылына дайындық барысы және «Қарызсыз қоғам 2» жобасының жүзеге асырылуы талқыланды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tura18.kz.

Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері, сондай-ақ аудан және қала әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты. 2025-2026 оқу жылына дайындық жөнінде білім басқармасының басшысы Бауыржан Төленов баяндама жасады.

ЖОЛ КАРТАСЫ

Қазір Абай облысында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Өңірдегі 758 білім беру ұйымында 166 мыңнан астам бала оқиды. Білім саласындағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында «Абай облысының білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған жол картасы» әзірленген. Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 10 155 оқушы қабылданбақ.

Облыстағы 365 балабақшада 25 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. 3–6 жас аралығындағы балаларды қамту көрсеткіші – 100%, ал 2–6 жас аралығында – 90,9%. Қазір кезекте 5,8 мың бала бар. Биыл жекеменшік балабақшалар есебінен 2470 жаңа орын ашылып, Мақаншы ауылында 140 орындық балабақша іске қосылды.

Сонымен қатар «Келешек мектептері» жобасы аясында 1500 орындық екі мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы екі мектеп ашылып, 300 орындық жаңа мектептің құрылысы басталады.

АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР

Семейде қосымша 1000 орындық ғимарат салынып жатыр. Сондай-ақ үш апатты мектептің мәселесі шешіліп, құрылысы басталды. Жыл соңына дейін Оқушылар сарайы мен Қарашоқы шатқалындағы лагерь ашылады.

Облыста 33 колледж жұмыс істейді. Онда 21 139 студент білім алып жатыр. Оқыту 159 мамандық пен 294 біліктілік бойынша жүргізіледі. 1090 педагог пен өндірістік оқыту шебері еңбек етуде. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 43 мамандандырылған сынып ашылды. Кадр тапшылығын шешу мақсатында «1000 көшбасшы» жобасы жүзеге асырылып, соның аясында 22 мектепке жаңа директорлар тағайындалмақ. Әлеуметтік қолдау шаралары да жалғасуда. «Мектепке жол» акциясы аясында 1555 балаға материалдық, 52 балаға қаржылай көмек көрсетілді.

БУЛЛИНГ

Облыс әкімі Берік Уәли білім беру нысандарын жаңа оқу жылына толық дайындау үшін бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, жөндеу жұмыстарын 25 тамызға дейін аяқтап, қажет болған жағдайда үш ауысыммен жұмыс істеуді тапсырды. Сондай-ақ жылыту маусымына дайындықты, мектеп маңындағы жол қауіпсіздігін, білім ошақтарындағы қауіпсіздік жүйелерін қатаң бақылауға алуды жүктеді. Сонымен бірге жол ережелері бойынша рейдтер ұйымдастыруды және буллингтің алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.

ҚАУІПСІЗДІК

Барлық мектептердегі жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық аяқтау қажет. Жылыту маусымына дайындықты қатаң бақылауға алыңыздар. Мектеп маңындағы жол қауіпсіздігіне назар аударып, жол белгілері мен қажетті құрылғылардың жай-күйін тексеріңіздер. 1 қыркүйектен бастап жол қауіпсіздігі бойынша рейдтер ұйымдастырылсын. Сондай-ақ Водныйдағы жаңа мектепке асфальт жабындысы төселіп, жол салынуы керек. Барлық мәселелер менің жеке бақылауымда болады, – деді аймақ басшысы.

Әмір Бек

Тегтер: Tura18Абай облысыБерік Уәлибілімжаңа оқу жылы

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Облыс әкімі өңір тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырып, бейнеүндеу жариялады
Аймақ тынысы

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12
Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды
Аймақ тынысы

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05
Абай облысында демографиялық өсім байқалады
Аймақ тынысы

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26
Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады
Аймақ тынысы

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31
Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды
Аймақ тынысы

Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды

15.04.2026, 14:47
Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды
Аймақ тынысы

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31

Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды

15.04.2026, 14:47

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35

Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

14.04.2026, 16:46

Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

13.04.2026, 16:47

Шүлбі су қоймасынан су жіберіледі

13.04.2026, 16:29

Абай облысында ірі кен орны ашылып, 1800 жаңа жұмыс орны құрылады

13.04.2026, 12:51

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Облыс әкімі өңір тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырып, бейнеүндеу жариялады

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12
Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05
Абай облысында демографиялық өсім байқалады

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26
Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35
Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 69

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2025. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған