Абай облысында жастар ресурстық орталықтары директорларының кеңесі өтті, деп хабарлайды Tura18.kz.
Кеңес отырысына Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов қатысып, жастармен жұмыс жүргізудегі өзекті мәселелерді қозғады, сондай-ақ алдағы жоспарлар туралы ойын айтты.
Жиын кезінде «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы Айдос Төлеуханов өңірдегі қала және аудан көлеміндегі жастар ресурстық орталықтарының қызметі, жүзеге асқан іс-шаралар, волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған жобалар мен жастар саясатының орындалу барысы жөнінде есеп берді. Кеңес соңында ұсыныстар мен тапсырмалар белгіленіп, болашақта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары нақтыланды.

















