• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
06.10.2026, 22:56
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар

Жазғы археологиялық мектептің маңызы ерекше

Инабат Аблахатова
29.07.2026, 12:05
Жаңалықтар
17
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Шілде айының 17-26 күндері аралығында ШҚО тарихи-өлкетану музейінің «Бестерек» ғылыми-археологиялық базасында халықаралық деңгейдегі далалық археологиялық мектеп өтті, деп хабарлайды Tura18.kz

«Археологиялық пәнаралық әдістер» атты  бұл мектептің тарихи тұрғыдан берері мол. Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты, Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі және «Шәкәрім университеті» КеАҚ бірлесіп ұйымдастырған  жазғы мектеп аясындағы ауқымды шараға археология, антропология, мәдени мұраны зерттеу бағытында   ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын жоғары курс студенттері, магистранттар, PhD докторанттар, ізденісі мол жас ғалымдар қатысты.

Сондай-ақ археологиялық жазғы мектепке қызығушылық білдіргендер арасында Оңтүстік Корея, Түркия, Италия, Ресей ғалымдары, еліміздің жетекші ғылыми орталық өкілдері, студенттер мен ғылыми қызметкерлер бар.

Мектептің бағдарламасы 4 негізгі бағыттағы теориялық дәрістер мен практикалық модульдерді қамтыды. Біріншісі ахеологиядағы ГАЖ технологиялар және деректерді тіркеу әдістері, екіншісі LiDAR тәсілімен түсірілім жасау, үшіншісі физикалық антропологиялық зерттеу болса, төртіншісі археозология-остеологиялық материалдармен жұмыс жасау.

-Биылғы Besterek халықаралық археологиялық мектебіне қатысу мен үшін үлкен тәжірибе болды. Алғашқы күндері біз заманауи археологиялық технологиялармен таныстық. GIS және QGIS бағдарламаларымен жұмыс істеуді, дрон мен LiDAR құрылғыларын қолдануды үйрендік. Бұл технологиялардың археологиялық зерттеулерде қаншалықты маңызды екенін өз көзімізбен көрдік. Кейін антропология сабағында адам сүйектерін ажыратуды, олардың анатомиялық ерекшеліктерін анықтауды, жасы мен жынысын анықтау әдістерін меңгердік. Ал зооархеология бөлімінде жануар сүйектерінің атауларын, оларды бір-бірінен ажыратуды, жасын анықтауды үйрендік. Сонымен қатар тістерді кесіп, зертханалық талдау жасау үдерісіне қатысып, микроскоп арқылы зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Бұл мектептің ең ерекше тұстарының бірі – халықаралық орта болды. Біз Корея, Италия, Германия және Түркиядан келген қатысушылармен бірге білім алып, тәжірибе алмастық. Әртүрлі мәдениет өкілдерімен танысып, жаңа достар тауып, археологияға деген ортақ қызығушылығымыз бізді жақындастырды.Besterek археологиялық мектебі бізге тек теориялық білім ғана емес, нағыз практикалық тәжірибе де сыйлады. Осындай халықаралық ғылыми мектептердің ұйымдастырылуы – жас зерттеушілер үшін үлкен мүмкіндік. Мен бұл жобаға қатысқаныма өте қуаныштымын және ұйымдастырушыларға осындай пайдалы әрі шабыттандыратын тәжірибе үшін шынайы алғысымды білдіремін!-дейді Шәкәрім университетінің тарих кафедрасының 4 курс студенті Айжан Аманжолқызы.

Бағдарлама аясында далалық лагердегі оқу сабақтарымен қатар Шығыс өңірдің маңызды археологиялық ескерткіштеріне ғылыми танымдық экспедициялық сапарлар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Ақбауыр бірегей кешеніндегі ерекшеліктер, Қалба жотасындағы ежелгі қалайы кеніштері сияқты тарихи маңызы айрықша нысандарға жан-жақты талдау жүргізілді.

Археологиялық жазғы мектеп жұмысы алдағы жылдарда да жүйелі жалғаса беретін болады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған