Семей қаласында жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында жол белгілерін жаңарту және ауыстыру жұмысы жүргізіле бастады, деп хабарлайды Tura18.kz.
Қазір ескірген, талапқа сай келмейтін немесе көрінуі нашар жол белгілері кезең-кезеңімен жаңасына ауыстырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
Жаңартылатын жол белгілері заманауи стандарттарға сәйкес орнатылады. Олар түнгі уақытта жақсы көрінуі үшін жарық шағылыстыратын материалдардан жасалған.
Қала тұрғындарынан уақытша туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралады.

















