• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
07.10.2026, 05:52
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар

Жолдау-2024: экспортты дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау қалай жүзеге асып жатыр?

Redaktor
25.08.2025, 10:12
Жаңалықтар
Фото: ҚР Үкіметі

Фото: ҚР Үкіметі

11
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында сауда саласын дамыту және еліміздің экспорттық әлеуетін күшейту мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде аталды. Президент отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру, шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау сияқты нақты міндеттер қойды. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін бизнесті жүргізудің ашық қағидаларын әзірлеп, ішкі сауданы дамытуда және отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуына қажетті инфрақұрылым қалыптастырады.

Қабылданған шаралар кешенінің нәтижесінде сала тұрақты өсуді көрсетіп отыр: 2025 жылғы қаңтар–шілде айларында сауда көлемі 8,6%-ға, ал инвестиция көлемі І жартыжылдықта 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жетті.

Сауда саласында 800 мыңнан астам бизнес субъектісі айналысып, 1,5 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «Айтылды – жасалды» қағидаты бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмалары белсенді түрде жүзеге асырылуда, — деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Нарықты қорғау және қазақстандық тауарларды ілгерілету

Үкімет ішкі нарықты қорғауға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған реттеуші шараларды әзірледі. 2025 жылдың мамыр айында тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілді. Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасалады онда өндірушілер туралы нақты деректер жинақталып, оларға мемлекеттік қолдау шараларына, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Сауданы ынталандыру және дүкен сөрелеріндегі отандық тауарлар үлесін арттыру мақсатында қазақстандық өндірушілер өнімдері үшін кемінде 50% сөрелік кеңістікті көздейтін бағдарлама іске қосылды.

Сонымен қатар сапасыз әрі қауіпті өнімдердің ішкі нарыққа енуіне шектеу қою бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Барлық бақылаушы органдардың қатысуымен Ахуалдық штаб тиімді жұмыс атқаруда. 47 мыңнан астам көлік тексерілді, тауарлық салмақта бұл 600 мың тоннадан астам мал шаруашылығы өнімдері. Оның ішінде 900-ден астам автокөлік кері қайтарылды, 1 мыңнан астам сәйкестікті растау құжаттарының күші жойылды, — деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Экспорттаушыларды қолдау және өнімді шетелде ілгерілету

Президенттің тапсырмасы бойынша шикізаттық емес экспортты әртараптандыру және арттыру мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша қаражат құралдарының толық спектрін ұсынатын Экспорттық-кредиттік агенттік құрылды.

Биылғы 7 айда көрсетілген қаржылай қолдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 200 млрд теңгеге артып, 394 млрд теңгені құрады. Қолдау көрсетілетін барлық жобалардың 71%-ын құрайтын шағын және орта бизнеске ерекше назар аударылуда. Бұл ретте орташа және жоғары қайта бөлу өнімдерінің үлесі 83%-ға жетіп отыр.

Қазақстандық тауарларды сыртқы нарықта ілгерілетуді күшейту үшін халықаралық инфрақұрылым қалыптастырылуда. Қытай провинцияларында серіктестік кеңселер, өкілдіктер және ұлттық павильондар іске қосылуда, соның ішінде ондай нысандар Чэнду, Үрімші, Нанкин және Шандун провинцияларында бар. Өзбекстанда «Термез» халықаралық сауда орталығының аумағында қазақстандық өнімдердің сауда павильоны жұмыс істеп тұр. Экспортты ілгерілету бойынша жұмыс БАӘ, Түркия, Үндістан, Иран және Қытайда қарқынды жүргізілуде

Оған қосымша алдағы уақытта экспортқа шығуымыз керек елдерде сауда-экономикалық миссиялар өткізілуде, қазақстандық тауарларды халықаралық электрондық алаңдарда ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізілуде, мысалы олардың арасында jd.com, Doiyin, Alibaba сияқты сауда-саттық алаңдары бар.

Ашық және бәсекелес биржа нарығына арналған жаңа ережелер

Президент тапсырмаларын орындау үшін 2024 жылғы желтоқсанда нарықтың ашық жұмыс істеу ережелерін орнату үшін бәсекелестік ортаны дамытуға бағытталған Биржалық сауда туралы заң қабылданды.

Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауар» ұғымы заңнамалық түрде енгізілді, ол энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шешуші маңызға ие. Бұл алыпсатарлықты жойып, бағаны ашық белгілеуге және отандық нарықты осы тауарлармен тұрақты қамтамасыз етуге кепілдік береді, — деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар тауарлармен сауданы жүзеге асыруға уәкілетті биржаларды конкурстық іріктеу тетігі енгізілді. Бұл аффилиирленген құрылымдардың құрылуын болдырмайды және қатысушылардың сауда алаңдарына тең қол жеткізе алуына кепілдік береді.

Әлеуметтік аз қамтылған санаттағы азаматтарға көмек көрсетудің жаңа тетіктері

Президенттің азаматтардың әлеуметтік аз қамтылған санаттарына тиімді атаулы қолдауды қамтамасыз ете отырып, тікелей бағаны реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту туралы тапсырмасын орындау үшін 2024 жылғы сәуірде бизнесті жүргізуді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы өзгерістерге сәйкес біз әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тікелей реттеуден бас тартамыз және атаулы әлеуметтік көмекке көшеміз. Сауда үстемесінің 15%-ы бақылауды күшейту пайдасына әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті бағаларды енгізу тетігі алынып тасталады, — деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Дайындық кезеңінде атаулы көмек тетігін тестілеуге бағытталған «Цифрлық азық-түлік ваучері» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Оның шеңберінде алушыларға әлеуметтік маңызы бар тауарларды сауда үстемесінсіз сатып алу бағасымен сатып алуға мүмкіндік беретін азық-түлік ваучерлері ұсынылады, бұл көмекті мақсатты және әділ бөлуді қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары ерекше бақылауда. Әрбір іс-шараны жүзеге асыру жоспарлы режимде жүріп жатыр, міндеттер сапалы және белгіленген мерзімде орындалатын болады, — деп атап өтті сауда және интеграция министрі.

Сауда мен шикізаттық емес экспортты дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені Президенттің тапсырмаларын орындауға жүйелі және дәйекті көзқарасты көрсетеді.

Үкіметтік шаралар экономикалық өсу үшін тұрақты негіз құруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және Қазақстанның халықаралық сауда тізбектеріне интеграциялануына бағытталған.

Primeminister.kz

Тегтер: Tura18Жолдау-2024ҚР ҮкіметіПрезидентТоқаев

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған