Көкпекті ауданына көрнекті қоғам қайраткері, еңбек ардагері Жақия Чайжүнісовтің немересі – Сергей Чайжүнісов жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Tura18.kz.
Сапар аясында ол атасының аты берілген Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде болып, педагогикалық ұжыммен және оқушылармен кездесті.
Сергей Тоқанұлының бұл сапары – Чайжүнісовтер әулетінің Көкпекті жерімен тарихи байланысын жаңғыртып, өңірдің еңбек және рухани мұрасын дәріптеуге бағытталған маңызды іс-шара ретінде бағаланады. Сонымен қатар Сергей Тоқанұлы мектепке арнайы сыйлығы — интербелсенді тақтаны сыйға тартты.

















